Директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраев XXXIII Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысуда
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев XXXIII Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысуда.
17 наурызда салтанатты түрде ашылған Халықаралық кітап жәрмеңкесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығына арналған.
Көрме аясында «ТМД ортақ гуманитарлық кеңістігі – заманауи сын-қатерлерге қарсы тұру құралы ретінде» тақырыбында «Жазушы және уақыт» халықаралық жазушылар симпозиумы өтеді. Көрме 22 наурызға дейін жалғасатын болады.