Media Image
16.03.2026 7

Наурызнама – ұлттық құндылықтар мерекесі

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Наурызнама онкүндігінің үшінші күні – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтті. Осыған орай Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті мен Көптілді білім беру факультеті бірлесіп мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар университет профессор-оқытушыларының қатысуымен қазақтың құда түсу және сырға салу дәстүрлері сахналық көрініс түрінде көрсетілді.

Бұл іс-шара студенттер мен университет қауымына ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілді.

📷 Дополнительные изображения