Atr.kz:Ұлт тарихындағы ұлы тұлғаға тағзым
Уалитхан Танашев – Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ел тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жолында аянбай еңбек еткен заңгер, қоғам қайраткері. Ол өз өмірін халқына қызмет етуге арнап, саяси күрестің алдыңғы шебінде жүрді. Ұлттың болашағы үшін жауапты кезеңдерде ел мүддесін қорғап, әділдік пен білімді басты бағдар етті. Танашевтің қайраткерлік болмысы, мемлекетшілдік көзқарасы мен азаматтық ұстанымы – бүгінгі ұрпақ үшін де тағылымды үлгі.
Осы тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін терең зерделеу мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Уалитхан Танашевтің қоғамдық-саяси мұрасын ғылыми тұрғыда талдау, оның ұлттық мемлекет қалыптастырудағы рөлін айқындау және тарихи маңызын кеңінен насихаттау болды. Конференция барысында отандық және шетелдік ғалымдар бас қосып, тың зерттеулер мен жаңа деректерді ортаға салды.
Толығырақ: https://atr.kz/gibrat/ult-tarihyndagy-uly-tulgaga-tagzym/