Media Image
07.03.2026 12

Құттықтау

Құрметті ғылым, білім және тіл саясаты саласының ардақты арулары!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер ғылым, білім және тіл саясаты салада жемісті еңбек етіп, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келесіздер. Міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарап, әрбір істің берекесін арттыруға ұйытқы болып жүрсіздер.

8 наурыз – нәзіктік, сұлулық пен шабыт мерекесі. Сіздердің еңбектеріңіз, даналықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз әлемді жақсарта түседі.

Осы көктем күні Сіздерге күлкі, тамаша мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық, қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!

Ізгі ниетпен, 
Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев

📎 Прикрепленные документы

ОC 8 марта+.pdf
Формат: PDF