Media Image
06.03.2026 6

«Әлемнің шуағы – әйелдер» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен және ер азаматтардың қолдауымен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемнің шуағы – әйелдер» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.  

Кеш барысында университеттің аяулы арулары мен нәзік жандыларына құрмет көрсетіліп, әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Мерекелік шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсерге бөледі.  

Осы тамаша кешті ұйымдастырған Жастар саясаты департаментіне және белсенді ер азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен табыс тілейміз.

📷 Дополнительные изображения