Атырау университетінде тағылымды кездесу өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті және Атырау облысы әжелер кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы әдептілік қағидалары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбие мен әдептілік мәдениетін насихаттау.
Тәрбиелік жиынға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті жазушысы Төлеген Жаңабаев, Атырау облыстық әжелер кеңесінің мүшесі Дәмен Алтаева, ҚР Құрметті журналисті Нұрлан Қабылов пен ҚР Білім беру ісінің үздігі Нағима Жақсиева, Атырау университетінің профессоры, п.ғ.к. Жұпар Билялова, профессор, п.ғ.к. Шолпан Джанзакова, ақын Арман Жайық пен жұбайы Жаңылсын Айтқалиева қатысып, отбасы қағидаттарына қатысты мазмұнды ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушыларға отбасыдағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Өмірлік тәжірибеге негізделген мазмұнды әңгімелер студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, ашық пікір алмасуға ұласты.
Кездесу жастардың рухани дамуына серпін беріп, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді.