«Бес табан» асық атудан үздіктер анықталды
Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өтіп жатқан спартакиада спорт пен бірлікті ұштастырған маңызды алаңға айналды. Салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл жарыстар қатысушылардың жоғары белсенділігімен және ұйымшылдығымен ерекшеленуде.
Спартакиада бағдарламасындағы ұлттық спорт түрлерінің бірі – «Бес табан» асық ату ойыны ерекше тартысқа толы өтті. Ептілік пен мергендікті талап ететін бұл сайыс қатысушылардың дәлдігі мен тактикалық шеберлігін айқындап қана қоймай, әділ бәсеке мен спорттық рухтың жарқын көрінісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын: Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
ІІ орын: Инновациялық білім беру факультеті;
ІІІ орын: Гуманитарлық ғылымдар факультеті.
Барша жеңімпаз командаларды құттықтаймыз! Айта кетейік, бүгін спартакиада аясында волейбол спорт түрінен іріктеу кезеңі өтеді.
📷 Дополнительные изображения