Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
2026 жылдың 9 қаңтарында Экономика және құқық факультеті, Менеджмент кафедрасының оқытушысы, э.ғ.м Қали Рахат Қонысбайұлы кәсіптік бағдар беру аясында Индер ауданының 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында түлектерге факультет дайындайтын білім бағдарламалары туралы ақпараттар беріліп түсіндіре жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар студенттердіғ сауалдарына жауап берілді. Алдағы уақытта да кәсіптік бағдар беру Атырау қаласының сонымен қатар Атырау облысының аудандарына жалғасын табатын болады.
📷 Дополнительные изображения