«Жыл үздігі – 2025»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2024–2025 оқу жылының қорытындысына арналған «Жыл үздігі – 2025» студенттерді салтанатты марапаттау кеші өтті.
Салтанатты кештің басты мақсаты – бір жыл бойы оқу, ғылым, өнер, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары нәтижеге қол жеткізген белсенді студенттердің жетістіктерін бағалау.
Іс-шараның ашылуында Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов құттықтау сөз сөйлеп, студент жастардың жетістіктері университет дамуының маңызды көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ марапаттау рәсіміне университет проректорлары қатысты.
Кеш барысында 19 номинация бойынша үздіктер анықталып, марапатталды. Атап айтқанда:
1. Үздік Студенттік декан
2. Үздік Студенттік декан орынбасары
3. Үздік Студент
4. Жыл Балмұздағы
5. Үздік Ұйым
6. Үздік Спортшы
7. Үздік Өнерпаз
8. Үздік TikTok парақша
9. Үздік Белсенді студент
10. Үздік Пікірсайысшы
11. Үздік Жайдарманшы
12. Үздік Ұйымдастырушы
13. Үздік Түлек
14. Үздік GPA
15. Үздік Кітапхана оқырманы
16. Үздік Жүргізуші
17. Үздік Волонтер
18. Жылдың үздік тандемі
19. Үздік Бастама
Жиында факультет студенттері өздерінің шығармашылық өнерлерін ұсынып, ән мен би, бейнероликтер арқылы салтанатты кештің көркін аша түсті. Интерактивті ойындар ұйымдастырылып, көрермендермен кері байланыс орнатылды.
Кеш соңында барлық қатысушылар мен номинация жеңімпаздары естелік суретке түсті.
📷 Дополнительные изображения