Media Image
30.07.2025 36

Университетте өрт-техникалық минимум бойынша оқыту шарасы өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде өрт қауіпсіздігі бойынша маңызды шара өтті. 

Мемлекеттік талаптарға сәйкес ұйымдастырылған өрт-техникалық минимум бойынша оқытуға университет қызметкерлері қатысты.

Бұл оқытудың мақсаты — өрттің алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған білім мен тәжірибе беру. Шара барысында қатысушыларға өрт кезіндегі әрекет ету тәртібі, техникалық қауіпсіздік ережелері және өрттің таралуын болдырмау жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Оқыту бағдарламасын мемлекеттік сатып алу тендері негізінде жеңіп алған «КемеңгерПром» компаниясының нұсқаушысы Азиз Сарсембиев өткізді. Өз саласының маманы ретінде Азиз Елеусинович  тәжірибелік кеңестерімен бөлісті.

Атырау университеті қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру бағытындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.