Media Image

25 июня 2025

Ректор БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисовтың қатысуымен оқу ордасының жылдық қорытынды есебі, жетістіктері мен жаңалықтары туралы ашық брифинг өтті. Кездесу барысында журналистер университеттің даму бағыты, ғылыми жобалар, халықаралық әріптестік пен заманауи білім беру үдерістері жөнінде мазмұнды ақпарат және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ректор Саламат Идрисов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Университеттің 85 жылдық тарихында білім мен ғылым саласындағы жетістіктерді кеңінен насихаттап, қоғам мен университет арасындағы алтын көпір қызметін атқарып жүрген журналистерге алғыс хаттар табысталды. Олардың кәсіби шеберлігін атап өткен ректор алдағы уақытта университет пен ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Алғыс хаттармен «Қазақпарат», «Атырау» телеарнасы, «Atameken Business», «Еуразия-1», «AtyrauPress», «Caspian News», «Прикаспийская коммуна», «Атырау» газеті сияқты жетекші ақпарат құралдарының редакторлары мен қызметкерлері марапатталды.

file