Медиа ресурсы
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІН МЕҢГЕРУДЕ
Новости

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІН МЕҢГЕРУДЕ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған ChatGPT Edu лицензияларының мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша арнайы оқыту семинары өтті. 
Іс-шараны Bilim UpSkill компаниясының өкілдері жүргізіп, жасанды интеллект құралдарын білім беру процесіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және әкімшілік басқаруға тиімді енгізу жолдарын жан-жақты таныстырды. Семинар барысында қатысушыларға ChatGPT Edu платформасының негізгі артықшылықтары, соның ішінде деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері, оқу-әдістемелік материалдар мен силлабустарды әзірлеу, академиялық мәтіндерді талдау, ғылыми жобаларға арналған деректерді өңдеу және күнделікті жұмыс процестерін автоматтандыру үшін арнайы GPT агенттерін құру тәсілдері практикалық мысалдармен көрсетілді. Сонымен қатар кездесу аясында университет ұжымының цифрлық технологияларды игеру белсенділігі ерекше атап өтілді: бүгінгі таңда оқу орны бойынша бөлінген ChatGPT Edu лицензияларының 102 пайызы толықтай активацияланды. Бұл көрсеткіш оқытушылар мен қызметкерлердің жаңа буын құралдарын кәсіби қызметінде қолдануға деген жоғары сұранысы мен қызығушылығын айқындайды. 
Семинар соңында Bilim UpSkill мамандары қатысушылардың нақты сұрақтарына жауап беріп, платформаны күнделікті жұмыста нәтижелі пайдалануға қатысты практикалық ұсыныстарымен бөлісті.