Медиа ресурсы
АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕР «ECOTHON 2026» ФОРУМЫНДА
Новости

АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕР «ECOTHON 2026» ФОРУМЫНДА

2026 жылғы 12–13 қараша күндері Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «EcoThon 2026» халықаралық экологиялық форум-хакатоны өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық бастамаларын қолдау, инновациялық жобаларды дамыту және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Екі күнге созылған форум аясында экологиялық тақырыптағы панельдік сессиялар, инновациялық идеялар мен жобалардың таныстырылымдары, командалық жұмыстар және тәжірибе алмасу кездесулері ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар эко-хакатонға қатысып, форумның екінші күні Алма-Арасан тау шатқалында өткен экологиялық акцияға атсалысты. Сондай-ақ Almaty Museum of Arts музейіне экскурсия жасалды.

Халықаралық шараға Атырау қаласынан барған делегация «NanFeed» жобасын ұсынып, өз идеясын қорғады. Нәтижесінде 18 команда арасында 4-орынға ие болды.

Атырау университетінің атынан форумға «Аударма және аударматану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Алмат Тагибергенов қатысты.

Бұл нәтиже студент жастардың тың идеяларға, ғылыми ізденіске және экологиялық мәселелерді шешуге деген қызығушылығының айқын көрінісі.

Алмат Тагибергеновті және оның командасын жетістігімен құттықтап, алдағы жобаларына сәттілік тілейміз!