Медиа ресурсы
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ «БІЛІМДІ КЕЛЕШЕК – ІІІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Новости

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ «БІЛІМДІ КЕЛЕШЕК – ІІІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 12 қарашада Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Білімді Келешек - ІІІ» халықаралық білім көрмесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсыну және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.

Аталған көрмеге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.  Көрмеге Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті де қатысып, университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.

Көрме аясында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің атынан Кәсіби бағдар және маркетинг бөлімінің жетекшілері К.С.Ерғалиева мен А.А.Ондасинова кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, Атырау қаласындағы мектептерден келген мұғалімдер мен оқушыларға университеттің білім беру қызметі, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар, оқуға қабылдау талаптары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.

Аталған халықаралық білім көрмесіне қатысу Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің білім беру әлеуетін кеңінен танытуға, мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар бағытындағы байланысты нығайтуға және болашақ талапкерлердің университетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.