Медиа ресурсы
ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ – ӨНЕРГЕ ӨНЕГЕ
Новости

ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ – ӨНЕРГЕ ӨНЕГЕ

Қазақтың күй өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық өнеріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының Халық артисі, профессор Айгүл Үлкенбаеваның домбырашыларға арналған шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтті.

Шеберлік сағаты барысында күй орындаушылық өнерінің қыр-сыры, дәстүрлі күй мектептерінің ерекшеліктері, орындаушылық шеберлік пен музыкалық шығарманың көркемдік мазмұнын ашу жолдары кеңінен талқыланды.

Өнер жолындағы мол тәжірибесімен бөліскен ұлағатты ұстаз жас домбырашыларға құнды кеңестер беріп, күйдің табиғатын терең сезіну мен ұлттық орындаушылық дәстүрді сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Шеберлік сағатқа “Музыка және өнер” кафедрасының Халық аспап мамандығының домбырашылары қатынасып, көптеген тәжірибелер жинады.

Ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп жүрген аяулы ұстазымызға шексіз алғыс білдіреміз!