2026 жылғы 25–28 қазанда Қалмақ Республикасының Элиста қаласында өткен «Жаһандық өзгерістер мен су тапшылығы жағдайындағы Каспий өңірі: тұрақтылықты арттыру бастамалары мен жолдары» атты халықаралық сараптамалық диалогқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атынан ғалымдар қатынасты.
Кездесуде су ресурстарын тиімді пайдалану, Каспий өңірінің экологиялық қауіпсіздігі, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму мәселелері талқыланды.
Іс-шараның маңызды нәтижесі – халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдердің жасалуы. Атап айтқанда, Атырау университетінің қатысуымен «Су тазарту және суды ұтымды пайдалану технологиялары» бағыты бойынша халықаралық уақытша ғылыми ұжым құру туралы көпжақты келісімге қол қойылды.
Келісім аясында бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу, гранттық конкурстарға қатысу, далалық зерттеулер жүргізу және ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру көзделген.
Бұл ынтымақтастық су тапшылығы мен экологиялық мәселелері өзекті Атырау өңірі үшін маңызды. Алдағы уақытта келісімнің нақты ғылыми жобалар мен зерттеу нәтижелеріне ұласуына мүдделіміз.
Каспийдің болашағы – ортақ жауапкершілік, ал оны сақтаудың негізі – ғылым мен халықаралық ынтымақтастық!
#Атырау Университеті #Каспий #Ғылым #Экология #Халықаралық Ынтымақтастық