Медиа ресурсы
ҒАЛЫМДАР ЖАЙЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Новости

ҒАЛЫМДАР ЖАЙЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Батыс Қазақстандағы жайылымдарды тұрақты дамытудағы құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің рөлі» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті. Талқылауды “Экология, био және нанотехнология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

 Ғылыми кездесуде а-ш.ғ.д., проф. Б. Мұхамбетов көпжылдық зерттеулерінің нәтижелерін таныстырып, изен мен қараматау өсімдіктерін өсіру, деградацияланған жайылымдарды қалпына келтіру және жергілікті жемшөп өндірісін дамыту бағытындағы жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

 Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, проф. М.Ж. Дюсегалиев Атырау өңірінде қысқы мал азығын дайындаудың маңызын ескеріп, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді өсірудің азықтық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

 Кездесу барысында қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу, жайылымдарды тиімді пайдалану және жас ғалымдарды ғылыми жұмыстарға тарту мәселелерін талқылады.

Ғылыми дөңгелек үстел өңірдің экологиялық және ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге бағытталған ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

#АтырауУниверситеті #AtyrauUniversity #ҒылымЖәнеИнновация #Экология #ТұрақтыДаму