Медиа ресурсы
ҚАБИБЕК МҰХИТОВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Новости

ҚАБИБЕК МҰХИТОВ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қабибек Сәдірұлы Мұхитов «Құрмет» орденімен марапатталды.

 Мемлекеттік награда Республика күні қарсаңында өткен салтанатты шарада табысталды.

 Қабибек Мұхитовтың жоғары білім беру саласындағы көпжылдық еңбегі, ғылыми-зерттеу қызметі мен отандық тарихты зерделеуге қосқан үлесі зор. Ғалымның зерттеу бағыттары Қазақстанның мұнай тасымалы тарихын, дене шынықтыру мен спорттың дамуын, соның ішінде Атырау спорты мен таеквондоның қалыптасу тарихын қамтиды.

 Университет ұжымы Қабибек Сәдірұлын жоғары мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен шын жүректен құттықтайды! Еңбегіңізге табыс, ғылыми ізденістеріңізге толағай жетістіктер, зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз!

 Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!