Медиа ресурсы
РЕКТОР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСҚАН СТУДЕНТПЕН КЕЗДЕСТІ
Новости

РЕКТОР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСҚАН СТУДЕНТПЕН КЕЗДЕСТІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Нұрмұханұлы Экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Асман Аманжолды қабылдады.

Асман Польша астанасында өткен Адам өлшемі жөніндегі Варшава конференциясына (Warsaw Human Dimension Conference 2026) қатысты. ЕҚЫҰ аясындағы халықаралық алаңда адам құқықтары мен негізгі бостандықтар, заң үстемдігі және азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Кездесу барысында студент конференциядан алған әсерімен бөлісіп, халықаралық пікірталастарда көтерілген мәселелер туралы әңгімеледі. Сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне жастарды белсенді тарту және студенттердің халықаралық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Саламат Нұрмұханұлы студенттің ұсыныстарын тыңдап, жастардың бастамашылдығы мен ізденісінің маңызын атап өтті. Халықаралық ортада жинаған тәжірибесін қатарластарымен бөлісуге шақырып, алдағы оқуына және қоғамдық қызметіне сәттілік тіледі.