Медиа ресурсы
«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ 3 АЛТЫН, 1 ҚОЛА ИЕЛЕНДІ
Новости

«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ 3 АЛТЫН, 1 ҚОЛА ИЕЛЕНДІ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті студенттері Ақтау қаласында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» жарысында өнер көрсетіп жатыр. Халықаралық додаға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстанның жоғары оқу орындарынан келген студент-спортшылар қатысуда.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің спортшылары жарыстың алғашқы күнінде жоғары нәтиже көрсетіп, баскетболдан Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің командасын 76:58 есебімен жеңді.
Сонымен қатар, жүзу спортынан университет спортшылары 3 алтын және 1 қола медальды жеңіп алды. Алтын медальды - 1-курс студенті, Қазақстан республикасының спорт шебері Дария Чеснакова еншіледі. 
Айта кетейік, бұған дейін РФ Астрахань қаласында өткен «Каспий ойындарында» Атырау университетінің командасы 12 жоғары оқу орны арасында үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын.
«Каспий ойындары» – Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы спорттық байланысты нығайтып, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін халықаралық жарыс.
Университет спортшыларына алдағы бәсекелерде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!