Медиа ресурсы
ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Новости

ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОҚАН УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Қоқан университеті арасында онлайн кездесу өтті.

Кездесуге Атырау университеті тарапынан Стратегиялық даму және интернационалдыру жөніндегі проректор Б.О. Алтынбасов, Қоқан университеті тарапынан Халықаралық бөлім директоры У.Т. Мамадалиев және Білім кафедрасының оқытушысы З.К. Календарова қатысты.

Кездесу барысында екіжақты келісім аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда:
академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді бір семестрге алмасу;
профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу;
бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
екі университет ғалымдарының бірлескен ғылыми мақалаларын әзірлеу;
зерттеу нәтижелерін Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін ғылыми журналдарда жариялау мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру мен ғылым саласындағы байланысты нығайтып, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Халықаралық ынтымақтастық – білім мен ғылымдағы жаңа мүмкіндіктердің бастауы!

#АтырауУниверситеті #ҚоқанУниверситеті #ХалықаралықЫнтымақтастық #АкадемиялықҰтқырлық #Ғылым #ҒылымиЗерттеу #Scopus #WebOfScience #AcademicMobility #InternationalCooperation