Медиа ресурсы
Атырау университетінің құрамасы  экологиялық хакатонда үздіктер қатарынан көрінді.
Новости

Атырау университетінің құрамасы экологиялық хакатонда үздіктер қатарынан көрінді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

🌱 «Jer ECO Hub» жобасы аясында өткен «Экологиялық хакатон 3.0» байқауы өз мәресіне жетті. Финалдық кезеңде өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған үздік жобалар ұсынылды.

🎉 Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті «JASYL ŞEBER» командасының мүшесі, университетіміздің «Бейнелеу өнері және көркем еңбек» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Жазира Төреғалиеваны, «Каспий» қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Идаят Нұрсәулені, команда мүшелері  Сұлтан Ахметті,  Әйгерім Мұратқызын және команда жетекшісі Жазира Төреғалиеваны экологиялық хакатондағы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды.

👏 Сіздердің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың бастамаларыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.

✨ Сіздерге жаңа идеялар, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге табыс, алдағы жобаларыңызға толағай жетістіктер тілейміз! Биік белестерді бағындырып, алар асуларыңыз әрдайым көп