Медиа ресурсы
🎉 Атырау университетінің ғалымдары Қазақстанның ең көп дәйексөз алған авторлары қатарына енді
Новости

🎉 Атырау университетінің ғалымдары Қазақстанның ең көп дәйексөз алған авторлары қатарына енді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы маусым айындағы деректер негізінде Web of Science дерекқорындағы 2021–2025 жылдары жарияланған ғылыми мақалалар мен шолулардың дәйексөзделу көрсеткіштері бойынша қазақстандық аффилиациясы бар авторлардың рейтингін жариялады. Рейтинг авторлардың ғылыми еңбектерінің халықаралық ғылыми ортадағы ықпалы мен дәйексөз алу деңгейін ескере отырып жасалған.

Ғылыми бағыттар бойынша қалыптастырылған бұл тізімге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бірқатар ғалымдары енді. Университет зерттеушілерінің жоғары көрсеткіштері олардың ғылыми еңбектерінің халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан кеңінен танылып, жоғары бағаланатынын көрсетеді.

🏆 Ең көп дәйексөз алған 100 автордың қатарына енген университет ғалымдары:

📌 Физикалық ғылымдар
85-орын – Taishiyeva Aigul

📌 Химиялық инжиниринг
18-орын – Shambilova Gulbarshin
25-орын – Makhatova Valentina

📌 Білім
88-орын – Kuanbayeva Bayan

📌 Басқа да әлеуметтік ғылымдар
31-орын – Aralbayev Alpysbay
31-орын – Mambetov Nurolla

📌 Гуманитарлық және өнер ғылымдары
93-орын – Ashirkhanova Karlygash

📌 Тарих және археология
33-орын – Mukhitov Kabibek

📌 Тіл және әдебиет
20-орын – Khairzhanova Akhmaral
20-орын – Baiseuova Gulnazen
20-орын – Jumagaliyeva Uzim
26-орын – Ashirkhanova Karlygash

✨ Бұл жетістік университет ғалымдарының ғылыми әлеуеті мен зерттеу нәтижелерінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын айғақтайды.

👏 Ғылым мен білімнің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және алдағы ғылыми ізденістерінде жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!