Медиа ресурсы
Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерлігі туралы тағылымды кездесу өтті
Новости

Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырларының ерлігі туралы тағылымды кездесу өтті

Әскери кафедрада запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша 2026 жылы кафедраны аяқтаушы студенттердің Әскери-оқу практикасының Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 маусымы күні студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының қаһармандық жолын насихаттау мақсатында қазақ тарих ғылымының аймақтық деңгейден ұлттық кеңістікке дейінгі өрісінде табанды еңбегімен танылған тұлғалардың бірі – тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Аққали Ахмет Қабижанұлының қатысуымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында профессор Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің батырлық жолы туралы мазмұнды баяндама жасады. Ол қазақ халқының майдандағы және тылдағы жанқиярлық еңбегіне тоқталып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір үшін күрескен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Қаһармандардың өмір жолы мен әскери ерліктері туралы құнды мәліметтер ұсынылды. Аққали Қабижанұлы олардың қайсарлығы, отансүйгіштігі мен жауынгерлік рухы бүгінгі жастар үшін үлкен өнеге екеніндігіне ерекше тоқталды.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи деректер төңірегінде пікір алмасты. Кездесу еркін сұхбат форматында өтіп, қатысушыларға тарихи оқиғаларды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Шара соңында әскери кафедра студенттері тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Аққали Ахмет Қабижанұлын алғыстарын білдіріп, қазақ батырларының ерлігі мен елге қызмет ету дәстүрін дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

 

Әскери-оқу практикасы бастығының

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

отставкадағы майор                           Г.Бердалиева