Медиа ресурсы
👩🏻‍🎓Магистратура мен докторантураға оқуға шақырамыз!
Объявление

👩🏻‍🎓Магистратура мен докторантураға оқуға шақырамыз!

🧑🏻‍💻Магистратура мен докторантура – жоғары кәсіби білім деңгейі
📚Магистратура мен докторантура - бұл тереңдетілген кәсіби мамандандыруды қамтитын жоғары білім деңгейі. Магистр және доктор дәрежелері түлектерге бакалавриат бағдарламаларының түлектеріне қарағанда көптеген бәсекелестік артықшылықтар береді. Алынған білім мен құзыреттілік магистратура және докторантура білім алушыларына мансаптық және кәсіби өсу келешектерін, сондай-ақ қолайлы еңбек жағдайлары мен бәсекегеқабілетті жалақыға кепілдік береді.

 1 маусымнан магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркелу басталды. 
 Талапкер тест тапсыратын қаланы өзі таңдайды. Сондай-ақ 8 шілдеге дейін тестілеу қаласын, дайындық бағытын, білім беру бағдарламалары тобы мен тестілеу тілін өзгертуге болады. Өтініш қабылдау аяқталғаннан кейін бұл мәліметтер өзгертілмейді. 
Тестілеу өтетін орын, күні мен уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 14 шілдеде жарияланады. 
     Докторантураға түсу емтихандарына тіркелу ағымдағы жылдың 3-шілде мен 3-тамыз аралығын қамтиды. Түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді.

     Тіркелу app.testcenter.kz (https://app.testcenter.kz/) сайтында.

Атырау университетінде докторантура бойынша 8D02201-Тарихшы-зерттеуші, 8D04101-Экономика, 8D01501-Математикалық білім беру, ал магистратура бойынша 7М01-Педагогикалық ғылымдар, 7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 7М04 Бизнес, басқару және құқық, 7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 7М06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім бағдарламалар тобына сәйкес мамандар даярланады. 
🏢Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бұрын бітірген түлектер, магистратура білім бағдарламасына 2026 – 2027 о.ж. түскен магистранттарға оқу ақысына  жылдық төлем құнынан 20 % мөлшерінде жеңілдік берілетіндігі жөнінде хабарлаймыз.
✅Бұл университетіміздің түлектеріне әлеуметтік жағдай және университетіміздің магистратурасына түсуге ынталандыру мақсатында жүзеге асыру үшін қарастырылған.
🔔Егер Сіз осы қатарда болғыңыз келсе, 🏢Х.Досмұхамедов университетінде күтеміз! Болашақтарыңызға ақ жол тілейміз!
Магистратура және докторантура – сенің келесі қадамың! 
🔎 Ізденіс. 
📖 Білім. 
🚀 Болашақ.