Медиа ресурсы
Университет кітапханасының қоры құнды ғылыми басылымдармен толықты
Новости

Университет кітапханасының қоры құнды ғылыми басылымдармен толықты

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Ардагер ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп пен заң ғылымдарының кандидаты, профессор Жанна Шаяхметова өздерінің авторлық еңбектері мен ғылыми монографияларын кітапхана қорына сыйға тартты. Сонымен қатар «Еуразиялық интеграция институты» тарапынан да оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған оқулықтар мен монографиялар табысталды.

Жаңадан түскен басылымдар студенттерге, магистранттарға және профессор-оқытушылар құрамына білімін жетілдіруге, ғылыми ізденістерін дамытуға және зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңінен пайдалануға ұсынылады.