Медиа ресурсы
Құттықтаймыз!
Новости

Құттықтаймыз!

Бүгін, 25 мамыр — Филологтар күніне орай, университетіміздің дамуына зор үлес қосып жүрген әріптестеріміз — филология ғылымдарының кандидаты, Орыс филологиясы кафедрасының профессоры Жарқын Есенқызы Кенжебаева және Шетел тілі кафедрасының сеньор-лекторы Айман Тайманқызы Тілеуғалиева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Жарқын Есенқызы көп жылдан бері ғылыми зерттеулері арқылы орыс тілді аудитория арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттап келе жатқан ғалым. Оның қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдердегі қазақ халқының ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері, сондай-ақ орыс тіліне аударылған көркем прозадағы қазақ менталитеті туралы құнды зерттеулері бар.

Айман Тайманқызы Атырау өңіріндегі мекемелер мен ірі өндіріс орындары үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мамандар даярлауға айрықша үлес қосып келеді.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен және жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!