Медиа ресурсы
Азаттық рухы және тарих тағылымы
Новости

Азаттық рухы және тарих тағылымы

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына арналған «Батыс Қазақстандағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі: тарихы және тұлғалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Тағылымды шара этнограф-ғалым Зейнолла Сәнік атындағы дәрісханада ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызын дәріптеу, азаттық жолында күрескен тұлғалардың мұрасын насихаттау және ғылыми пікір алмасу алаңын қалыптастыру.

Жиынның ашылуында Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сайпулла Сапанов кіріспе сөз сөйлеп, ұлт тарихындағы азаттық қозғалыстардың маңызына тоқталды.

Атырау университетінің Құрметті профессоры Аманкелді Шамғонов «Ізденіске толы 35 жыл» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми-зерттеу саласындағы тәжірибесі мен тарихи ізденістері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар профессоры, тарих ғылымдарының докторы  Лесқали Бердіғожин  «Халық батыры Исатай Тайманұлы» тақырыбында баяндама оқып, батырдың ел тарихындағы орны мен ерлігін жан-жақты талдады. Профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Кайргалиева «Х. Досмұхамедұлы зерттеулеріндегі азаттық күрес мәселесі» тақырыбында баяндама жасап, ғалым еңбектеріндегі тарихи тұжырымдарға тоқталды. Сондай-ақ, Тарих мамандығының 1 курс магистранты Айжан Дарибек «Азаттық қозғалысындағы батырлар мен билер: тарихи тұлғалар» баяндамасын тарихи тұлғалардың ұлт тарихындағы рөлін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Дөңгелек үстелде ұлттық тарихты зерделеу мен тарихи тұлғалардың мұрасын насихаттаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.