Медиа ресурсы
Кәсіпкерлікті дамыту қорымен меморандумға қол қойылды
Новости

Кәсіпкерлікті дамыту қорымен меморандумға қол қойылды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум мақсаты – білім беру мен бизнес арасындағы байланысты нығайту, студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуіне қолдау көрсету, жастар кәсіпкерлігін дамыту және практикалық бағыттағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру.
Келісімге Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Берік Кадиров қол қойды.
Меморандум аясында тараптар бірлескен семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, студенттердің өндірістік тәжірибесін өткізуге, дуалды оқыту элементтерін енгізуге, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды қолдауға, микробіліктілік бағдарламалары мен оқыту курстарын әзірлеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруды жоспарлауда.
Аталған ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға, еңбек нарығына бейімделуіне және өңірдегі кәсіпкерлік экожүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.