Медиа ресурсы
Педагогикалық практика – болашақ ұстаздардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең!
Новости

Педагогикалық практика – болашақ ұстаздардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылындағы педагогтік қайта даярлау курсы тыңдаушыларының педагогикалық практикалары сәтті аяқталып, қорытынды конференциялар өткізілді.
 Биыл педагогикалық қайта даярлау курсына 13 білім беру бағдарламасы бойынша 82 тыңдаушы қабылданып, олар 2 семестрлік оқу барысында алған теориялық білімдерін мектеп қабырғасында тәжірибе жүзінде дәлелдей білді.
 Педагогикалық тәжірибе кезінде тыңдаушылар оқу-тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, заманауи сабақ беру әдістерін меңгерді. Сонымен қатар тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен оқу жоспарларын құрастырып, сабақ құрылымын әзірлеу, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдірді.
 Тәжірибе барысында болашақ ұстаздар білім берудің жаңа технологияларын қолданып, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі педагогикалық әдістерді тәжірибеде қолданды. Тыңдаушыларға әдістемелік қолдау көрсетіліп, тәжірибелі мұғалімдер тарапынан тұрақты кері байланыс беріліп отырды.
 Қорытынды конференция барысында тыңдаушылар педагогикалық практика кезінде атқарған жұмыстарын таныстырып, тәжірибе алмасып, кәсіби даму жолындағы жетістіктерімен бөлісті.
 Бұл тәжірибе болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін шыңдап, білім беру саласында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді.
 Педагогикалық қайта даярлау курстары – болашақ ұстаздарға сенімді қадам!