Медиа ресурсы
"Ер азамат. Биік тұлға" атты мерекелік концерт өтті
Новости

"Ер азамат. Биік тұлға" атты мерекелік концерт өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай "Ер азамат. Биік тұлға" атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік кештің мақсаты – ел қорғаны болып жүрген ер азаматтарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеу.

Шара барысында университетіміздің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Қойшығұлова құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы белсенділігі мен жастарға үлгі боларлық еңбегі үшін дінтану магистрі, сеньор-лектор Ернар Абзалұлы және Персоналды дамыту және басқару бөлімінің менеджері Алпамыс Нұрболатұлына Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновтың алғыс хатын табыстады.  

Мерекелік концертте университетіміздің арулары арнайы дайындаған музыкалық қойылымдар, патриоттық әндер мен сахналық көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Әсерлі кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рух пен ер азаматтарға деген құрметті айшықтай түсті.  

Кеш соңында университет ұжымы барша ер азаматтарды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, отбасылық амандық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тіледі.