Медиа ресурсы
Атырау университеті Бакуде өткен білім көрмесіне қатысты
Новости

Атырау университеті Бакуде өткен білім көрмесіне қатысты

2026 жылғы 3 мамырда Study in Kazakhstan атты білім көрмесі өтті. Іс-шараға Қазақстанның 20-дан астам жоғары оқу орны қатысты. Көрменің негізгі мақсаты — қазақстандық университеттерді Әзербайжан мектеп түлектеріне таныстыру, білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру.

Көрмеге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атынан Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Бахыт Алтынбасов және Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің маманы Мадияр Сабыр қатысты.

Іс-шара барысында университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, оқу мүмкіндіктері туралы ақпараттық кітапшалар мен таныстырылым материалдары ұсынылды. Сонымен қатар көрмеге Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі қатысып, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды.

Көрме аясында университет өкілдері Әзербайжандағы студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарына бағыттайтын білім беру агенттіктерімен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер нәтижесінде аталған агенттіктер алдағы уақытта Әзербайжан студенттерін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне оқуға жіберуге қызығушылық танытты.