Медиа ресурсы
«Тағдыр» тағылымы: Жас филологтар Қабдеш Жұмаділов әлеміне үңілді
Новости

«Тағдыр» тағылымы: Жас филологтар Қабдеш Жұмаділов әлеміне үңілді

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған тағылымды шара өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық әдебиетті насихаттау, көркем шығарма арқылы тарихи сананы қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Іс-шараға Филология мамандығының 1 курс студенттері қатысып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына тереңірек үңілді. 

Кездесу барысында жазушының әдеби мұрасы жан-жақты таныстырылып, оның әңгімелері, повестері мен романдары туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Әсіресе, 2026 жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған «Тағдыр» романына ерекше назар аударылды. Студенттер шығармадағы тарихи кезең, кейіпкерлер тағдыры мен ұлттық рух мәселелері төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды.

Шара барысында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлзира Аяпова Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, шығармашылық кезеңдері, қазақ әдебиетіндегі орны мен туындылары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар студенттер жазушы шығармаларына әдеби талдау жасап, өзара пікір алмасты.