Media Image
21.04.2026 2

Кітапхана қоры құнды әдебиеттермен толықты

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Кітап сыйла» акциясы аясында университетіміздің ғылыми кітапханасы құнды әдебиеттермен толықты.

Аталған игі шараға Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Шаяхметова өзінің авторлық кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар, Биология және балық шаруашылығы кафедрасы және университетіміздің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бахыт Алтынбасов жеке кітапхана қорынан бірқатар кітаптарды сыйға ұсынды.

Бұл бастама – білім мен ғылымды дамытуға, студенттер мен оқытушылардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Университеттің ғылыми кітапханасын толықтыруға қосылған әрбір үлес – болашақ мамандардың сапалы білім алуына жасалған үлкен қолдау.

📷 Дополнительные изображения