Media Image
20.04.2026 7

Құлсары қаласында мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

Құлсары қаласында Жылой ауданы мектептерінің түлектерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын анықтауға және саналы таңдау жасауға көмектесуге бағытталды.

Кәсіби бағдар беру жұмысына алты факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, дайындық бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түрлі мамандықтар туралы кеңірек ақпарат алды және оқуға түсу бойынша пайдалы кеңестерге ие болды. Сондай-ақ мамандық таңдауда жеке қызығушылықтар мен қабілеттерді ескерудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Шара соңында мектеп бітірушілерге ақпараттық материалдар таратылып, олар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне оқуға шақырылды. Мұндай кездесулер жастардың өз жолын табуына және мамандық таңдауына септігін тигізеді. Бұл — өңірге қажет білікті мамандарды дайындау бағытындағы маңызды қадам.

📷 Дополнительные изображения