Media Image
09.04.2026 5

Бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің мамандары Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға оқу үдерісінің ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттік өмір және университеттің заманауи инфрақұрылымы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар білім беру гранттары туралы да түсіндірме берілді.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, университет өкілдерінен нақты әрі толық жауаптар алды. Сондай-ақ оларға білім беру бағытын және болашақ мамандығын таңдауға қатысты тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

Кездесу жоғары деңгейде өтіп, бітіруші түлектердің жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттану деңгейін арттыруға оң ықпал етті.

📷 Дополнительные изображения