Media Image
09.04.2026 5

Заң клиникасы қоғамдық қабылдау өткізді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы жанындағы Заң клиникасы студенттік ұйымының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті.

Іс-шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер берілді.

Қоғамдық қабылдауға:
🔹Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры - Ризуан Карткужаков;
🔹Атырау облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі -  Дархан Бұлжанов;
🔹Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Меруерт Музатова;
🔹 Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы - Айгуль Анжанова;
🔹Атырау облысы Әділет департаментінің Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушы Гүлбану Аманова;
🔹Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты - Гулайна Ахмурзина;
🔹Жеке сот орындаушы - Мейрам Кукатов;
🔹Жеке нотариус  - Жанар Джолдасбаева қатысты.

Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге үлкен үлес қосады.

📷 Дополнительные изображения