Media Image
08.04.2026 24

«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 
Конференцияның салтанатты ашылуында Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов қатысушыларды құттықтап, ғылым мен инновацияның ел дамуы үшін маңызын атап өтті. 

Жиында дәстүрлі марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, ғылыми-зерттеу қызметіне елеулі үлес қосқан ғалымдар, гранттық жобалар жетекшілері мен жас зерттеушілер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік рецензент», «Үздік жас зерттеуші» номинациялары бойынша белсенді ғалымдар мен студенттер марапатталып, ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздары дипломдар мен қаржылай сыйақыларға ие болды. Бұдан бөлек, «Жас зерттеуші – 2026» арнайы сыйлығы үздік нәтиже көрсеткен студенттер мен магистранттарға табысталды.

Пленарлық мәжілісте отандық және шетелдік ғалымдар, атап айтқанда Сумгаит Мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, Энергетика кафедрасының меңгерушісі Хаяла Алигулиева, Лунд университетінің профессоры, Таяу Шығыс бойынша озық зерттеулер орталығының директоры Ронни Берндтссон, Коканд университетінің Білім кафедрасының аға оқытушысы Садокат Уктамова, Академик А.Букетов атындағы Қарағанды Ұлттық - Зерттеу Университеті, Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Сабина Жамбурбаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Гульмира Ермекбаева, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мақсот Рахметов ғылымның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Түстен кейін алты секция бойынша секциялық отырыстар жалғасып, қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, тәжірибе алмасатын болады:

І. Х.Досмұхамедов зерттеулері: тіл мен әдебиет мәселелері; Digitalization in Foreign Language Teaching Methods: Innovations, Approaches, and Challenges;
ІІ. Ғылымның тұрақты дамуы контекстіндегі жастардың физика мен математика саласындағы зерттеулері; IT және білім берудегі инновациялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
ІІІ. Жаһандану және цифрландыру үдерістеріндегі ұлттық бірегеліктің гуманитарлық интерпритациясы;
ІV. Тұрақты даму жағдайында экономика, қаржы және менеджмент салаларының цифрлық трансформациясы; Цифрлық технологиялар жағдайындағы құқықтық жүйені дамыту және құқық қолдану тәжірибесі;
V. Адал азамат» тәрбиесі және жасанды интеллект; 
VІ.Биология және химия. «Жаратылыстану-ғылыми білім беру контексіндегі химия-биологиялық зерттеулер, аквакультура және инновациялық материалдар»; География, туризм және экология. «Аумақтардың тұрақты дамуы үшін қоршаған орта, табиғатты пайдалану және білім беру технологиялары».

📷 Дополнительные изображения