Media Image

5 апреля 2025

Ректор ваканттық грант иегерлеріне куәлік табыстады

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ваканттық бос білім гранттарының иегерлеріне грант сертификаттары табысталды.

Ваканттық грант – GPA көрсеткіші жоғары, оқу орнында үздік деп танылған студенттерге берілетін үлкен қолдау.

Бос білім беру гранттарына магистратура бойынша физика педагогтерін даярлау, орыс тілі және әдебиеті педогтерін даярлау, шет тілдері педогогтерін даярлау, қаржы, банктік және сақтандыру ісі және бакалавриат бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау, математика мұғалімдерін даярлау, шет тілдері мұғалімдерін даярлау, мода, дизайн, аударма ісі, психология, журналистика және және репортер ісі, қоршаған орта, химия, математика және статистика, ақпараттық технологиялар, стандарттау, сертификаттау және метрология, балық шаруашылығы білім беру бағдарламаларынан 25 білім алушы ие болды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 01 сәуірдегі №152 бұйрығы негізінде ваканттық бос білім грантына ие болған бірқатар студенттерге куәліктерді университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов табыстады.

Олардың қатарында:

•​6В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушылары Яна Югай және Аружан Шайдуллина;

•​6В036 – Аударма ісі білім беру бағдарламасының білім алушысы Гүлназ Ержанова;

•​6В041 – Психология білім беру бағдарламасының білім алушысы Дана Руфатқызы;

•​6В009 – Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушысы Нұршат Ермаш;

•​6В051 – Қоршаған орта білім беру бағдарламасының білім алушысы Назымгүл Құлмағамбетова бар.

Гранттарды табыстау рәсімінде «университеттің жастарға сапалы білім беріп, олардың болашағына жол ашудағы маңызы зор. Өздеріңіздің табандылықтарыңыз бен оқудағы үздік көрсеткіштеріңіздің арқасында мемлекеттік грантқа ие болдыңыздар. Ары қарайда білім жолында үлкен табыстар мен жетістіктер тілеймін!»,- деді ректор Саламат Идрисов.

Грант иегерлері өз кезегінде оқу орны басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына алғыстарын білдіріп, өздеріне көрсетілген сенімді ақтау үшін бар күш-жігерін салатындарын айтты.