Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «ATYRAU SMART START» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстанның үздік болашақ талапкерлеріне арналған кәсіби бағдар экскурсиясы ұйымдастырылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жоғары білімнің мүмкіндіктерін көрсетіп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.
Экскурсия барысында оқушылар университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, өздерін қызықтыратын мамандықтар туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, олар заманауи аудиториялар мен зертханаларды аралап, ғылыми-тәжірибелік жұмыстармен танысты. Оқушылар университеттегі білім беру үдерісіне тікелей қатысып, өзін бір күнге студент ретінде сезіну мүмкіндігіне ие болды.
Бұл іс-шара жас түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етті деген сенімдеміз.