Обьявления!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Инновациялық білім беру факультеті, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы профессор Әлия Мұханбетжанованың ғылыми-педагогикалық әдіснамасының тұжырымдамасына арналған «Профессор Әлия Мұханбетжанованың ғылыми-педагогикалық әдіснамасының тұжырымдамасы» атты республикалық ғылыми-әдіснамалық семинар өткізеді.
📅 Күні: 09 сәуір 2026 жыл
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Халел Досмұхамедұлы атындағы мәжіліс залы, БОҒ, 2-қабат, Атырау қаласы
Семинардың мақсаты – профессордың ғылыми-педагогикалық мұрасын талқылау, білім беру саласындағы әдіснамалық бағыттарын насихаттау және тәжірибе алмасу.
Баршаңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!