Обьявления!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасы қазақтың даңқты батыры, тұңғыш кәсіби балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған «Бұл заманның алыбы – Қажымұқан» тақырыбында дөңгелек үстел өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен мұрасын насихаттау, оның ұлттық рухты қалыптастырудағы және отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеудегі тарихи рөлін айқындау.
Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылар, спортшылар, бапкерлер, журналистер, жас зерттеушілер және білім алушылар қатысады.
Өтетін күні: 10 сәуір
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Ғылыми кеңес залы
Баршаңызды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!