Известные выпускники
ӨМІРБЕКОВА Жайлы Бөкешқызы – (Байшонас п., Мақат ауд., Гурьев обл. 16.01.1948 ж.т.). Ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.
«Алтынсарин», «Астана», «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
«КСРО білім беру ісінің үздігі», «Қазақ КСР – ның халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.
ҚАРАЕВ Жауымбай Амантұрлыұлы - 10.05.1956ж.т. – Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1978 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша үздік
(Лениндік стипендиат) бітірген.
3 ғылыми монографияның, 2 оқулыктың, 5 әдістемелік құралдың авторы. Ж.Амантұрлыұлы білім және ғылым беру ісіне қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен және «Қазақстан Республикасы
Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды.
КАЙНЕНОВ Килымгали (а/с Манаш, Махамбетский р-н., Гурьевскаая обл. 15.03.1952г.р.). Окончил Гурьевский педагогический институт (1973г.), учитель математики.
С 2006 года заместитель акима Атырауской области. Заместитель руководителя Атырауского областного отделения Республиканского общественного штаба кандидата в Президенты РК Н.А. Назарбаева (сент. – дек. 2005г.). Награжден орденом «Құрмет»;, медалью: ”Ерен еңбегі үшін”, значками ”Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі”,Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»;.
ХАЛИДУЛЛИН Ғизатолла (Балықшы к. 30.11.1947ж.т.) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан жоғары оқу орындарының 2005 жылғы «Үздік оқытушысы»
грантының иегері.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, «Отан тарихы» кафедрасының меңгерушісі. 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітірген. 5 монографиясы, көптеген оқу құралдары жарық көрген.
Жүсіп Қадыр 1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Гурьев қаласында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
№11 Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, Облыстық халық творчествосы үйінің директоры, №7 М.Әуезов атындағы, №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектептерде мектеп директоры болып қызмет еткен.
1982 жылы Гурьев педагогика институтында қазақ әдебиеті пәнінен дәріс берді. Атырау университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.
2001 жылы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының корреспондент – мүшелігіне сайланған. «Өлке» баспасынан «Естелік» (1993), «Ғылым» баспасынан «Асау Атырау» (1997) өлең жинақтары жарық көрген. «Әдебиет сабағында оқушылардың творчестволық ізденістерін қалыптастыру» (Әдістемелік құрал, 1993), «Орта мектепте лириканы талдау» (Әдістемелік құрал, 1994), «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» (Монография, 1995), «Жыр жиһазы» (Монография, 1995), академикжазушы З.Қабдоловтың шығармашылығына арналған монография – «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), жазушы Ә.Кекілбаевтың творчествосына арналған монография – «Шың мен шыңырау» (2000), «Таңғажайып Бейбарыс» (2000), «Алмас жыр» (2003), «Әдеби толғамдар» (2004), «Махамбеттану мәселелері» (2005), «Қазақтың Қабдоловы» (2005), «Жұмекен жұмбағы» (2006) сияқты кітаптар мен монографиялардың авторы.
1988 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1996 жылы «Ж.Нәжімеденовтың ақындығы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Облыс Әкімшілігінің «Құрмет грамотасымен», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» (Ы.Алтынсарин) медальдарымен, «Қазақстан ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Филология ғылымдарының кандидаты Қадыр Жүсіп бүгінгі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Әбіш Кекілбаевтың әдеби мұрасын зерттеу орталығының директоры.
Мұхтаров Мұстахим Харенұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.Оқыған жылдары:1977-1982 жылы Гурьев педагогика институтының Музыка және педагогика факультетін бітірген.
1999 жылы Қазақ хұқтану және халықаралық қатынастар институтын хұқтану мамандығын бітірген .
2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қаржы және несие мамандығын бітірген.
2007 жылы «Атырау өлкесіндегі музыкалық білім мен тәрбие берудің қалыптасуы мен даму тарихы (1920-1985жж)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
1986 –1989 оқу жылдары Гурьев қаласындағы №15 Абай атындағы орта мектепте музыка сабағының мұғалімі.
1989 - 2009 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде күндізгі және сырттай оқу факультеттерінің деканының орынбасары, кейін деканы, ректордың көмекшісі .
2006 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің академиялық доценті.
2009 жылдан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының педагогика академиялық профессоры, бірінші проректоры қызметін атқарып келеді.
Халықаралық және республикалық басылымдарда 20-дан астам ғылыми мақалалары, әдістемелік нұсқаулар жарық көрген.
СЕРІКОВ Төлеуіш Пәуеденұлы – (Гурьев облысы, Теңіз ауд., Сафон с. 21.02.1948ж.т.). - химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік академияның және ҚР-ның Халықтық инженерлік академиясының академигі. 1964-1969 жылдары Гурьев педагогикалық институтын Химия мамандығы бойынша бiтiрген. Ұзақ жылдар Атырау мұнай және газ институтының ректоры болды.
1969 жылдан бастап бүгінге дейін барлық маңызды ғылыми-педагогикалық жолдан өтті. 1999 жылы Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің сенімді өкілі болды. Ол ғылыми-педагогикалық жұмыстарын қазіргі күні өзі бұрын жетекші болып, қазірде еңбек етіп жатқан Республика бойынша бірден-бір жоғары оқу орны-Атырау мұнай және газ университетінде мұнай-газ өндірістеріне ғылыми кадрларды және инженерлерді дайындауда үлкен үлес қосып отыр. Атырау мұнай және газ университеті негізгі өткен жүзжылдықтың 1980 жылдың бас кезінде қаланды. Содан бері әртүрлі даму сатыларынан және басқару формаларынан өткен институт қабырғасында Т.П. Серіковтың қатысуымен Батыс Қазақстанның жоғары мектебінде және оның ғылыми құрылымының білім және ғылымның дамуына көптеген реформалар және жаңа енгізулер жасалды. Атырау мұнай және газ институтының ректоры қызметін атқарған. Халықаралық және республикалық басылымдарға 230 ғылыми жұмыс жарияланған. 6 монография, 4 оқулық авторы.
Кравченко Надежда Павловна Оқыған жылдары :1973-1978 жылдары
Кубан мемлекеттік университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор.
Краснодар қаласы, Ресей Лауреат конкурса "Золотое перо Кубани" (2002), Заслуженный журналист Кубани.
Образование высшее. Закончила Гурьевский педагогический институт (1978), историко-филологический факультет, специальность "Русский язык и литература", аспирантуру при Казахском государственном педагогическом институте, докторантуру при Кубанском государственном университете.
Диссертацию на соискание степени кандидата филологических наук защищала в Саратовском государственном университете (специальность - русский язык), на соискание степени доктора филологических наук - в Кубанском государственном университете (специальности - русский язык, журналистика).
Автор 50 научных и более 1000 журналистских публикаций.
Среди научных работ: монография "Семантика текстообразующих возможностей русских предлогов. Художественно-публицистический аспект" (Краснодар, 2001), научные статьи "Изменения в региональном политическом дискурсе (на примере СМИ Краснодарского края)" (Воронеж, 2004), "Информационный продукт как результат маркетингового исследования" (Москва, 2003), "Модели взаимоотношения власти и прессы" (Москва, 2004), "Агрессия как атрибут журналистики левого направления" (СПб, 2004), "Черты современной российской политической журналистики" (Москва, 2005), "Приемы позиционирования первых лиц региона в местных СМИ" (Москва, 2006), "Функции имен собственных в игровой стилистике языка СМИ" (Майкоп, 2006), "Принцип многоступенчатости журналистского образования в работе с редакциями" (Москва, 2007) и др.
Под руководством Н. Кравченко защищены 3 диссертации на соискание степени кандидата филологических наук.
Всегда совмещала педагогическую деятельность с журналистской. Будучи доцентом кафедры современного русского языка Гурьевского педагогического университета, была редактором вузовской малотиражной газеты "За педагогические кадры", внештатным корреспондентом областной газеты "Прикаспийская коммуна". В Краснодаре с 1996 по 1998 была специальным корреспондентом газеты "Кубанские новости", с 1998 по 2000 — корреспондентом газеты "Известия", с 2000 по 2004 - внештатным корреспондентом журнала "Эксперт", 2005 - 2006 - гл. редактором газеты "Жемчужина России".
Среди известных журналистских публикаций: "Былая слава поросла бурьяном", "Мы не рабы, мигранты мы" ("Кубанские новости"), "Юговичи", "В школе ученику подложили свинью" ("АиФ-Кубань"), "Точка на карте. Мужики из Чушки" ("Труд"), "История о пропавшей вывеске", "Пустыня сахара" ("Известия"), "Без родины", "Не выдержали сравнения" ("Эксперт"), "Дорога к обелиску: кубанская Хатынь" ("Жемчужина России") и др.
Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия директоры
Оқыған жылдары:1981-1984 жылдары Гурьев педагогикалық институты.
1989 жылға дейін Атырау қаласындағы облыстық балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы, спорт мектебінің басшысы, 1989-1990 жылдар аралығында Атырау қаласында №16 мектеп директоры қызметін атқарған.
1990 жылы дарынды балаларға арналған жаңа экспериментальды мектеп-интернаты гимназиясының басшысы болып тағайындалды. 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жанындағы аспирантураға түсіп, «Оқытуды ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту» деп аталатын диссертациясын 2003 жылы қорғаған.
ҚПҒА корреспондент-мүшесі. Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған гимназия директоры. 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Құрмет орденінің иегері. 47 мақала, 4 ғылыми еңбек. 1995-1999 жылдары облыстық мәслихат депутаты болып сайланған.
Дүйсекенова Злиха Қадірбайқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары. Оқыған жылдары:1979-84 жылдары Гурьев педагогикалық институты. Атырау облыстық білім беру басқармасының орынбасары. 1979-1984 жылдары Гурьев педагогика институты, химия-биология факультетін бітірген. Құрманғазы ауданы Ганюшкино мектеп-интернатында тәрбиеші, Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте аға пионер вожатый,
Гурьев педагогика институты, химия-биология факультеті(1979-1984), Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы балабақшада тәрбиеші (1984-1988), Құрманғазы ауданы Нұржау селосындағы Ленин атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі, Құрманғазы ауданы Котяевка селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте мұғалім, директор (1988-2000 жж) Атырау қаласы қалалық білім беру бөлімінде әдіскер (2000-2002жж) Атырау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары (2002-2005 жж) 2005 жылдың наурызында Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Ихсангалиева Гүлнара Құанышқызы
Филология ғылымының докторы, профессор 1971 жылы 28 шілдеде Атырау қаласында туылған. Оқыған жылдары: 1989 жылы Х. Досмұхамедов атындағыАтырау университетінің филология факультетіне «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы үздік аяқтап шықты. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасына аспирантураға қабылданды. 2000 жылы «Тақырыптарға функционалды-прагматикалық талдау (қазақстандық газет және телебағдарламалар материалы негізінде)» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. (Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы профессор Н.Ж. Шаймерденова).
2008 жылы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде бір айлық тәжірибеден (стажировка) өтті. 2009 жылдан бастап 10.02.00 - жалпы тіл білімі мамандығы бойынша доцент атағына ие болды. 2010 жылы 30 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі Д 14 А 01.22 диссертациялық кеңесте10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша «Қазақстан бейнесін (имидж) қалыптастырудың когнитивтік және психолингвистикалық механизмдері» атты докторлық диссертациясын қорғады. Еңбек жолдары: 1994-1997 ж. –Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы; 2000-2002 ж. – Алматы тіл және аударма институтының аспирантура мен магистратура меңгерушісі; 2002-2004 ж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспирантура меңгерушісі. 2004 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істейді. 2004 жылдан 2008 жылдың маусымына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі қызметінің жетекші маманы(диссертациялық кеңестердің қызметін бақылау). 2008 жылдың 1 шілдеден ғылыми-зерттеушілік іс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 30 маусымына дейін ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2013 жылдың 30 маусымына дейін дейін ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессоры қызметін атқарды. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда. Г. Қ. Ихсанғалиева ғылыми және әдістемелік жұмыспен айналысады. 50-ден аса жарияланымдардың, оның ішінде монографиялар, оқу құралдардың авторы. Халықаралық, республикалық конференциялар мен ғылыми семинарларға белсенді қатысып тұрады. Қоғамдық жұмыспен айналысады, факультет үшін маңызды шараларды ұйымдастырушы. Атап айтқанда, 2010 жылы 12 сәуірде Ломоносов атындағы ММУ Халықаралық білім беру орталығымен бірлесе өткізілген Орыс тілі мен мәдениеті фестивалі; 2011 жылы 16 сәуірде Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясы (МАПРЯЛ) және «Орыс әлемі» қоры қолдауымен өткізілген Бүкіләлемдік орыс тілі фестивалі, Орыс сөз өнері мерекесі; Республикалық педагогикалық идеялар (15.02.2012 ж.) фестивалі.
Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Атырау қаласында 1981 жылы туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант; Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.
1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.
2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.
2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты."Нұр Отан" партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі. Наградалары: "Ыбрай Алтынсарин" төсбелгісі (2010 жыл), ҚР Президентінің алғыс хаты (2011 жыл), "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2013 жыл), "Қазақстан мәслихатының 20 жылдығы" медалі (2014 жыл), "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі (2014 жыл), "ҚР Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалі (2015 жыл), "KAZENERGY" медалі (2015 жыл), "Экономика Мақтанышы" ордені (2015 жыл) Екі баласы бар.
Журналист, ақын Ханбибі Есенқарақызы (30.6.1949 жылы туған, Сарыағаш ауданы) – журналист, ақын. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастады.
1971 – 1976 жылдары Сарыағаш ауданы «Қызыл ту» газетінің қызметкері,
1976 – 1980 жылдары облыстық телерадио комитетінде редактор,
1980 – 1987 жылдары халық шығармашылық облыстық орталығында бас маман,
1987 – 1993 жылдары облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1994 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім мен» атты прозалық кітаптардың авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері (1998). Жетістіктері: Түркістан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық өкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасы^ еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары
Ожаев Нурлыбек Жұмахметұлы, облыстық партия филиалы төрағасының Бірінші орынбасары.
Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов
Атырау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
1963 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. Гурьев педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Тарих, қоғамтану және совет құқықтану пәндерінің оқытушысы, заңгер.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
«Құрмет» орденімен, алты медальмен марапатталған.
"ЖОО үздік оқытушысы - 2005", химия ғылымдарының докторы
Сабирова Жанылсын Нурмухановна
Университетіміздің 2009 жылғы түлегі, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Қайырлиева Гұлнұр Саясатқызының талапкерлерге арналған жүрекжарды тілегі
Дорофеев Михаил Викторович
26.04.1972-30.01.2021
Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев 1972 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол Гурьев педагогика институтында тарих мамандығы бойынша білім алған. Институтты 1994 жылы тәмамдаған болатын. Журналистикадағы жолын Атырау облысында «Жарық» телеарнасында бастаған, кейін Атырау облыстық әкімдігінің «Прикаспийская коммуна» (бір кездері бұл газетте оның атасы Александр Багрянцев жұмыс жасады) газетінде жалғастырды.
1998 жылы ол отбасылық жағдайына байланысты Алматыға қоныс аударды, оған КТК телеарнасында жұмыс жасауға ұсыныс жасалды. Республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарған. «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері қызметін атқарды. «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларын жүргізді.
Михаил Дорофеев әр жылдарда бірнеше телевизиялық бағдарламалардың тізгінін ұстады. КТК телеарнасында «Дословно» және «Портрет недели», «Формула личности» («Қазақстан», «Астана»), «Телебуриме» («31 канал»), «Тема» («Астана») хабарларының жүргізушісі және авторы болды.
«Экспресс К», «Труд в Казахстане», «Мегаполис» газеттерінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді, «Евразия-Центр» газетінің бас редакторы және «Жетінші арна» телекомпаниясының бас продюсері болды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында» ақпараттық саясат жөніндегі департамент директоры лауазымының қызметін атқарды. Ал кейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жалғастырды.
2015 жылдан бастап іnformburo.kz ақпараттық-талдау интернет-порталының бас редакторы болып жұмыс істеді. Ол редактор болған жылдарда портал қазақстандық үздік интернет – медиа бестігінің құрамына енді. 2018 жылы Informburo.kz Ұлттық «Үркер» сыйлығы бойынша Қазақстандағы үздік БАҚ деп танылды.
Михаил Дорофеев Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты (2018 жыл), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған.
Документальный фильм памяти Михаила Дорофеева.mp4 (168139115)