Ректорат
Ректорат
Идрисов Саламат Нұрмұханұлы
▼Идрисов Саламат Нұрмұханұлы 1974 жылы 9 ақпанда Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келді.
Білімі - жоғары, 1996ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика негіздері және есептеуіш техника» кафедрасына оқытушы болып бастады.
1998 ж. - «Информатика және оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.
2000 ж. – университет типографиясының директоры, сол жылы желтоқсан айында қайта құрылған Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы Полиграфия бөлімінің меңгерушісі.
2003 ж.- Жаңа ақпараттық технологиялар орталығының директоры.
2006 ж.- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Информатика кафедрасының доценті академиялық атағы берілді.
2009 ж. - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
2011 ж. - Ақпараттық технологиялар орталығының директоры.
2012 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы.
2013 ж. - Әкімшілік-шаруашылық департаменті директоры, Қашықтықтан оқыту факультеті деканы
2015 ж. - Қашықтықтан оқыту факультеті деканы.
2016 -2019 жж. - Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.
2019 жыл 31 желтоқсан – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры.
2009 жылдың 31 наурыз күні 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін БД 14.61.02. біріккен диссертациялық кеңесінде «Жоғары оқу орнының білім беру үдерісінде студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыпта диссертация қорғап, 21 мамыр 2009 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қашықтықтан оқыту технологиясы мәселелері» сертификаты (2009 ж, 2013 ж); 2010 жылы Астана қаласында ARTA SOFT компаниясы ұйымдастырған «Платон» оқу үдерісін автоматтандыру бағдарламасы сертификаты (2013 ж); 2011 жылы Атырау қаласында Thomson Reuters компаниясының «Web of Knowlegde: сіздің ғылыми зерттеулердегі жолсерігіңіз» атты сертификатқа ие болды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің БОЛАШАҚ халықаралық стипендиясының иегері ретінде Швейцарияның Монтрё қаласында Монтрё бизнес мектебінде (Montreux School of Business) үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификатқа ие болды. Бұл ғылыми тағылымдамада 10 курс бойынша білімін жетілдірді. Олар: Швейцарияның білім беру жүйесі, мәдениеті мен экономикасы (Swiss culture & economy), кәсіпкерлік (Entrepreneurship), жетекшілік (Leadership), стратегиялық менеджмент (Strategic management), адами ресурстарды басқару (Human resource management), креативтілік және инновация (Creativity & Innovation), банк ісі және портфолио (Banking & Portfolio) курстары және т.б.
2014 жылы International Center for Education & Technology (USA) and Association of Higher Education Institutions (Republic of Kazakhstan) “International Leadership for Education” сертификаты.
2014 жыл 8-9 қыркүйек, «Білім дамуындағы көшбасшылық» Ассоциациясының «Әлемдік тәжірибе мәнмәтінінде ҚР ЖОО-дарында корпоративтік басқаруды енгізу» семинар-тренинг сертификаты.
2014 жылы 11 қараша, Thomson Reuters компаниясының «Как находить журналы с импакт-фактором» ғылыми зерттеулер жүргізу семинары “Платформа Web of Science”, “Journal Citation Reports” тақырыбында сертификаты.
2015 жылы 11-12 маусым, Халықаралық конференция сертификаты «International Conference Eurasian Higher Education Leaders Forum», Astana, Nazarbayev University.
2016 жылы 13-14 қаңтар, Халықаралық семинар «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) білім беру үдерісінде пайдалану жоғары білім реформалау бойынша сарапшыларға және университет қызметкерлеріне арналған», Алматы, ҚР БжҒМ, Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ Бағдарламасының ұлттық Кеңсесі, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ.
3 оқу-әдістемелік құралы, 1 монография, 50-ден аса ғылыми мақалалар, оның ішінде имфакт-факторы жоғары SCOPUS және РИНЦ журналдарында 6 ғылыми мақаласын жарияланды.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (2005 ж, 2007ж., 2011 ж., 2016 ж), Атырау облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2005 ж), Облыс әкімі Алғыс хатымен (2007 ж., 2011 ж., 2019 ж.), жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» (2010 ж) белгісімен, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін «А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен» (2014 ж.), Атырау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.), 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған.
Жұмыс күндері:
-
Дүйсенбі - Жұма 9.00 - 18.30
-
Сенбі Шығармашылық күн
-
Жексенбі Демалыс
Шүкіров Асхат Ералыұлы
▼Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Өтепқалиева Қансұлу Мұсақызы
▼2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Үлттық университетінде 08.00.01 – экономикалық теория мамандығы бойынша аспитантураны аяқтап, 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау қызметі нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2007-2009ж.ж. аралығында Экономика, қаржы және басқару факультетінің декан орынбасары, 2009-2012ж.ж. - Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, 2012-2020ж.ж. - Экономика және құқық факультетінің деканы, 2020–2021ж.ж. – академиялық сұрақтар бойынша проректор, 2021–2023ж.ж. – вице-проректор (цифрлік офицер) болып қызмет атқарған.
2012 жылдың 15 қазан - 21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясының иегері ретінде Швейцарияның Монтре қаласында Монтре бизнес мектебінде үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтті.
2014 жылдың 9 маусым - 18 шілде аралығында «Development Program for Higher Education Leaders» курсы бойынша Назарбаев университетінде және Сингапурдан шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификат иеленді.
2018 жылдың 6-19-шілде аралығында Германия, Дюссельдорф қаласында Weiterbildungskurs: Fuhrungspsychologie und Personalmanagement (Білім саласындағы менеджмент) курсынан өтіп, сәйкесті сертификат иеленді.
2019 жылы 26 қараша - 10 желтоқсанаралығында «Жоғары білім беруде сапа менеджменті» бағдарламасы бойынша Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті (Германия).
«Экономика предприятия», «Қаржы менеджменті», "Enterprise of economics" атты оқу құралдары, «Рынок услуг здравоохранения: теория и практика», «Theoretical issues of international economic enhancement», «Государственно-частное партнерство в здравоохранении: зарубежный и казахстанский опыт организации» атты монографиялары жарық көрген.
Утепкалиева "Белгісіздік жағдайында Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың қаржылық тетігін жетілдіру" жобаларының ғылыми жетекшісі болды (тіркеу №0121РКИ0107), "Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: теория және практика" (Тіркеу № 0118РКИ0112).
Утепкалиева Кансулу Мусаевна Erasmus+ бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" жобасының (Transition to University Autonomy in Kazakhstan/TRUNAK) қатысушысы (2017 ж.қазан – 2020 ж. қазан).
Erasmus+ бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Trigger − Орталық Азия елдерінде түлектердің үздік жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен экономикалық өсуге жәрдемдесу" жобасының қатысушысы (2021 жылғы қаңтар – 2024 жылғы қаңтар).
Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2018 ж) белгісімен марапатталған. ҚР БжҒМ-нің 2018 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы".
Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы
▼1968 жылы 12 қантарда Гурьев облысы (қазіргі Атырау), Құрманғазы ауданында, Ганюшкино ауылында дүниеге келді.
Білімі - жоғары.
1985 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, оны 1990 жылы үздік бітіріп, игерген кәсіби біліктілігіне қарай жолдамамен Құрманғазы ауданындағы М.Ломоносов атындағы орта мектебіне мұғалім болып жіберілді.
1992-1994 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 1994-1995 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметтерін атқарған.
1995 жылы қыркүйек айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне «Педагогика» кафедрасына оқытушы болып ауыстырылып, 1998 жылдап бастап аға оқытушылыққа өтіп, қазіргі уақытта кафедрада қауымдастырылған профессоры міндетін атқарып келеді.
2004 жылдың 27 наурызында 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін БД 14.61.02. біріккен диссертациялық кеңесінде «История развития народного образования казахов Астраханской области (І половина ХІХ начало ХХ века)» атты тақырыпта диссертация қорғап, 15 қүркуйекте 2004 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2003-2005 жылдары аспирантура бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2010-2012 жылдары Тіркеу бөлімінің бастығы,
2012-2013 жылдары Академиялық саясат және оқу үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2013-2018 – Педагогика және Психология факультетінің деканы
2018 ж наурыз айннан бастап - Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор лауазымында жұмыс істеп келеді.
2016 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО Ұздік оқытушы-2016» грантын ұтып алды.
Қазақстанның барлық қалаларында біліктілікті арттыру курстарына қатысып сонымен қатар шетел мемлекеттерінде де Франция, Португалия қалаларында біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарына ие болды.
Марапаттары: ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2017 ж), Облыс әкімі Алғыс хатымен (2016 ж.), жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» (2018ж) белгісімен, университет ректорының грамотасымен (2016 ж.) марапатталған.
Алтынбасов Бахыт Омирханович
▼Алтынбасов Бахыт Өмірханович
Білім саласын басқару бойынша PhD докторы (Бристоль университеті, Ұлыбритания),
Жоғары білім берудегі көшбасшылық, саясат және басқару мамандығы бойынша.
заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазақстан Республикасының «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының иегері
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері
Туған күні: 22.08.1975
Отбасылық жағдайы: Үйленген (3 бала)
Телефон: +7 778 495 2696, +44 770 760 25 27
Email: altynbasov@yandex.ru, B.Altynbassov@asu.edu.kz
Еңбек өтілі
2015–2025 жж. – қауымдастырылған профессор, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2012–2015 жж. – академик С. Зиманов атындағы Білім беру заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2010–2012 жж. – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2009–2010 жж. – ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана.
2006–2009 жж. – халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы.
2004–2006 жж. – көлік-кеден қызметін құқықтық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Алматы.
2002–2004 жж. – мемлекет және құқық пәндері кафедрасының оқытушысы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз.
Білімі
2019–2024 жж. – Бристоль университетінің (Ұлыбритания) білім беру саласындағы басқару бойынша докторантурасы. Диссертация тақырыбы: Қазақстанның мемлекеттік университеттерін корпоративтік басқару тәсілін енгізу арқылы трансформациялау: элиталық интервью негізіндегі зерттеу әдісі.
2016 ж. – ҚР БҒМ қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
2008 ж. – ҚР БҒМ заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2001–2002 жж. – құқық магистрі, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Алматы.
1998–2001 жж. – юриспруденция мамандығы, үздік диплом, күндізгі бөлім, Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Алматы.
1993–1998 жж. – бухгалтерлік есеп және аудит, үздік диплом, күндізгі бөлім, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз.
Курстар мен тренингтер
• «Ғылым мен білім берудегі жасанды интеллект» – 72 академиялық сағат, 2025 жыл, Астана, Қазақстан.
• Хельсинки университеті, Хельсинки, Финляндия, 2015 ж.
• Варшава университеті, Варшава, Польша, 2014 ж.
• Шығыс Жерорта университеті, Газимагуса, Кипр, 2013 ж.
• Донецк ұлттық университеті, Донецк, Украина, 2013 ж.
• БҰҰ штаб-пәтеріндегі тренинг, Женева, Швейцария, 2012 ж.
• Ресей халықтар достығы университетінде тағылымдама, Мәскеу, Ресей, 2012 ж.
• Адам құқықтары жөніндегі Венециялық жазғы семинар, Венеция, Италия, 2012 ж.
Қосымша ақпарат
• «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының иегері.
• Ғылыми жоба жетекшісі: «Университеттерді ұлт жоспарын іске асыру мақсатында коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналдырудың құқықтық аспектілері», 2018–2020 жж. Грант сомасы – 20 000 000 теңге.
• Бас ғылыми қызметкер: «Адам құқықтары және еуразияшылдық», 2015–2017 жж. Грант сомасы – 10 000 000 теңге.
• Ғылыми жоба жетекшісі: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жолдары», 2012–2014 жж. Жалпы грант – 30 000 АҚШ доллары.
• Бас ғылыми қызметкер: «Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негіздері және олардың жаһандану жағдайындағы мемлекеттік басқару саласына ықпалы», 2010 ж. Грант сомасы – 35 000 АҚШ доллары.
Мүшелік
• Бристоль университеті Әлеуметтік ғылымдар және құқық факультетінің Centre for Higher Education Transformatioins ғылыми орталығының тұрақты мүшесі.
• Scopus және Web of Science базаларына кіретін екі журналдың редакциялық алқасының мүшесі.
• 2011–2017 жж. аралығында ҚР БҒМ гранттық және іргелі зерттеулердің сапасын бағалау жөніндегі сараптамалық комиссиясының төрағасы және мүшесі.
• Түркі әлемі заңгерлерінің халықаралық қауымдастығының мүшесі.
• Қазақстан заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
• ҚР БҒМ-нің қазақстандық оқулықтардың сапасын бағалау жөніндегі сараптамалық комиссиясының мүшесі.
Ғылыми зерттеу саласы
Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, білім беру құқығы теориясы, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару, білім беру жүйесін мемлекеттік басқару мәселелері, заң ғылымдары мен гуманитарлық пәндердегі эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдану.
Ғылыми жарияланымдар
135-тен астам ғылыми және оқу еңбектерінің авторы.
Оның ішінде: 6 монография, ҚР БҒМ грифімен 4 оқулық, 2 оқу құралы, Scopus және Web of Science базаларындағы 10 мақала, ККСОН журналдарында шамамен 30 мақала
Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 6, Google Scholar – 8.