Өтепқалиева Қансұлу Мұсақызы

30.10.2025 599

2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Үлттық университетінде 08.00.01 – экономикалық теория мамандығы бойынша аспитантураны аяқтап, 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау қызметі нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
  2007-2009ж.ж. аралығында Экономика, қаржы және басқару факультетінің декан орынбасары, 2009-2012ж.ж. - Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, 2012-2020ж.ж. - Экономика және құқық факультетінің деканы, 2020–2021ж.ж. – академиялық сұрақтар бойынша проректор, 2021–2023ж.ж. – вице-проректор (цифрлік офицер) болып қызмет атқарған.
  2012 жылдың 15 қазан - 21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ халықаралық стипендиясының иегері ретінде Швейцарияның Монтре қаласында Монтре бизнес мектебінде үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтті.
   2014 жылдың 9 маусым - 18 шілде аралығында «Development Program for Higher Education Leaders» курсы бойынша Назарбаев университетінде және Сингапурдан шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификат иеленді.
 2018 жылдың 6-19-шілде аралығында Германия, Дюссельдорф қаласында Weiterbildungskurs: Fuhrungspsychologie und Personalmanagement (Білім саласындағы менеджмент) курсынан өтіп, сәйкесті сертификат иеленді.
 2019 жылы 26 қараша - 10 желтоқсанаралығында «Жоғары білім беруде сапа менеджменті» бағдарламасы бойынша Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті   (Германия).
 «Экономика предприятия», «Қаржы менеджменті», "Enterprise of economics" атты оқу құралдары, «Рынок услуг здравоохранения: теория и практика», «Theoretical issues of international economic enhancement», «Государственно-частное партнерство в здравоохранении: зарубежный и казахстанский опыт организации» атты монографиялары жарық көрген.
  Утепкалиева "Белгісіздік жағдайында Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың қаржылық тетігін жетілдіру" жобаларының ғылыми жетекшісі болды (тіркеу №0121РКИ0107), "Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: теория және практика" (Тіркеу № 0118РКИ0112).
  Утепкалиева Кансулу Мусаевна Erasmus+ бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" жобасының (Transition to University Autonomy in Kazakhstan/TRUNAK) қатысушысы (2017 ж.қазан – 2020 ж. қазан).
   Erasmus+ бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Trigger − Орталық Азия елдерінде түлектердің үздік жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен экономикалық өсуге жәрдемдесу" жобасының қатысушысы (2021 жылғы қаңтар – 2024 жылғы қаңтар).
  Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2018 ж) белгісімен марапатталған. ҚР БжҒМ-нің 2018 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы".