Ғылыми-зерттеу институттары
Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты
Экология, био және нанотехнология
« Физика, математика және цифрлық технологиялар» ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан халқы Ассамблеясы
▼Қазақстан халқы Ассамблеясы институты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2015 жылдың 3 ақпанында ашылды. Институт университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде ғылыми-сараптамалық топтың және Кеңестің отырыстары, этносаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылық идеяларын, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар өткізілетін диалог алаңы болып табылады. Институт "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұлтты біріктіретін құндылықтарды нығайту жөніндегі қызметі идеологиялық функцияны атқарады.
Университеттегі ҚХА институты азаматтық бірегейлік пен қазақстандық құндылықтарды қалыптастыру, ұлтты топтастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, студенттерді Қазақстанның полиэтникалық халқының мәдениетіне тарту жөніндегі мемлекеттік этносаясат міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуге арналған.
Институт өз қызметін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен және облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-мен, облыстық Достық үйімен, облыстың этномәдени бірлестіктерімен бірлесе отырып, азаматтық бейбітшілік пен этносаралық толеранттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған ғылыми-білім беру, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, акциялар жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Қазақстан халқы ассамблеясы" кафедрасы мен Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының әдістемелік орталықтары және ұқсас құрылымдары ретінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
ҚХА институтының мақсаты – университетте этносаясат саласындағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерін үйлестіру, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін зерделеу мен танымал етудегі бірыңғай әдіснамалық және практикалық тәсілдерді әзірлеуге күш-жігерді біріктіру.
Мақсаттары мен міндеттері:
- Этносаясат мәселелері бойынша университеттегі оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процесін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеуі;
- Этноұлттық сала проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді, жобаларды іске асыру;
- Институт қызметінің мәселелері бойынша ғылыми конференцияларды ұйымдастыру, өткізу және қатысу;
- Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және қоғам өкілдері қатарынан этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы процестерді зерделеу бойынша Институт жанынан ғылыми-әдістемелік бірлестік құру және оның қызметін ұйымдастыру;
- Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясына облыстық ҚХА хатшылығы, облыстық ҚХА хатшылығы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, облыстың этномәдени орталықтары жұмысының мазмұны мен нысандарын жетілдіру, этноконфессиялық қатынастар мәселелері бойынша облыстың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары мен мекемелеріне консультациялар беру бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
- Этносаралық келісім мен конфессияаралық толеранттылықты нығайту бойынша студент жастар арасында тәрбие жұмысын жүргізу;
- Ғылыми және оқу-әдістемелік әзірлемелерді танымал ету этносаяси зерттеулер саласындағы ғылыми жетістіктер туралы қалың жұртшылықты хабардар ету.
2018 жылдың қыркүйек айының соңынан бастап Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры болып т.ғ.д. Ж.У.Қыдыралина тағайындалды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттерге ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын сіңіруге, ғылыми жұмыстарға қатысуға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы Институты тиісті бағыттар бойынша қызметін жүргізуде. Мемлекеттік этносаясатты іске асыру бағытында ҚХА Институты және университеттің факультеттері мен кафедралары арасында тығыз байланыс орнатылды. Университеттің гуманитарлық ғылым, көптілді білім беру, инновациялық білім беру факультеттері Қазақстан және дүниежүзілік тарихы, әлеуметтік гуманитарлық пәндер, басқа да кафедраларында «Қазақстан халқының тарихы мен мәдениеті», «Мәңгілік ел» пәндері және «Қазіргі Қазақстанның тарихы», саясаттану, философия пәндері аясында этносаралық қатынастар тақырыптары бойынша дәрістер жүргізіледі. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ү. Қыдыралинаның Астана мен Алматы баспаларында жарық көрген «Межэтнические и межконфессиональные отношения в Казахстане: история и современность» оқу құралы, ғылыми еңбектері «Межэтнические и межконфессиональные отношения в Казахстане: теория и практика регулирования», «Этнос и религия в Казахстане: история и судьбы», «Депортированные в Казахстан народы: история и современность», «Корейцы в Прикаспии», «Нация и история», «Казахская интеллигенция и национальный вопрос. ХХ в.», Атырауда басылып шыққан педагогика ғылымдарының кандидаты Ш. Нағимовтың екі тілдегі «История духовной культуры казахского народа», филология ғылымдарының кандидаты М.Т. Мукашеваның үш тілде «Мәңгілік ел» оқу құралдары, тарих ғылымдарының докторы Л.Б. Бердығожиннің «Атырау этностары. Этносы Атырауской области. Ethnoses of Atyrau» иллюстрациялық фотоальбом кітабы және т.б. студент және ғалымдар арасында оқу мен ғылыми зерттеу процессте пайдаланылады.
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты сараптамалық сүйемелдеу үшін университеттің жетекші ғалымдары, тарих, философия ғылымдарының докторлары А.Қ. Ахмет, Л.Б. Бердығожин, Ө.Қ. Бекежан, тарих, философия, филология ғылым кандидаттары, сондай ақ ректорат өкілдері, декандар Г.Қайырғалиева, А.А. Сұлтангубиева, С.Б. Аймуратов, Б.Б. Қорған, т.б. Атырау облысы ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының (ҒСТ) мүшелері ретінде белсенді жұмыстар атқарады. Атырау облысы ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының төрағасы - университтетің басқарма төрағасы, ректор С.Н. Идрисов.
Қазақстан халқы Ассамблеясын, оның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің мүшелері ҚР Президентінің тиісті Жарлығын жүзеге асыру аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді қатысуда. Атырау университетінің басқарма төрағасы, ректор және 16 тарихшы, философ, саясаттанушы ғалымдары Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысшы тобының мүшесі және аймақтық комиссиясының, оның жұмысшы топтарының жетекшілері мен мүшелері, облыс этномәдени бірлестіктерінің өкілдері республикалық орталық және жергілікті мемлекеттік мұрағаттарында, оның ішінде арнайы органдарының архивтерінде жүмыс атқаруда. Оларға жүктелген жұмысты тиімді орындау үшін университетте барлық жағдай жасалды. Комиссия және оның жұмысшы топтарының мүшелерінің қатысуымен ғылыми әдістемелік семинарлар, халықпен кездесулер, аудандарға экспедициялар өткізіледі. Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениеті, зобалаң жылдары халықтың қасіреті туралы тақырыптары бойынша ұстаз ғалымдар студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді, БАҚ өкілдеріне сұхбаттар беріп, ғылыми басылымдарда жариялымдық белсенділікті көрсетуді.
Университтің жетекші ғалым-педагогтардың, ғылым докторлары ғылыми зерттеу жобалар орындайды. Олар этноконфликтология, шиеліністерді басқару, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды басқару оқу курстар бойынша оқу құралдар, бағдарламалар, оқу әдістемелік кешендер, силлабустар әзірлеген, аталған курстарды жүргізуде мол тәжірибе жинақтаған.
Еліміздің мемлекеттік және мерекелік, естелік даталарда Қазақстан халқы бірлігі күні, Алғыс айту күні, Наурыз мейрамы күндері жоғары оқу орынның профессорлік оқытушылық құрамы мен студент жастары арасында қызықты мазмұнды шаралар өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім жолымен» атты республикалық телевизиялық каналдарында көрсетілген фильмнің кейіпкерлері арасында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы, көпұлтты шаңырақтың, корей этномәдени бірлестігінің өкілі Вера Шин және танымал кәсіпкерлер Владимир Розметов пен оның қызы, университетіміздің түлегі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы жетекшілерінің бірі Тамила Розметова сұхбаттар берген.
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Ғылыми сараптамалық тобының мүшелері студенттер мен магистранттарға этносаясат, Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениеті саласында дипломдық және магистрлік диссертация жұмыстарына жетекшілік етеді. Ассамблея тарапынан отандық пен бірлікті дәріптеуге арналған жыл сайын өткізілетін республикалық және аймақтық үздік ғылыми жобалар конкурстарына университеттің профессорлік оқытушылық құрамының өкілдері мен студенттері, магистранттары қатысып, жеңімпаз орындарға ие болады. Жыл сайын университетімізде Қазақстан халғы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен ғылыми конференциялар өтеді. Біздің күшіміз – бірлікте және адал еңбекте. Алғыс айту күні Атырау университетінде өткен «Бірлік пен келісім - басты құндылық» ғылыми-практикалық конференцияның түйіні осы тұжырымның аясында тарқатылды. Ғалымдардың, сарапшылардың ғылыми тұрғыда жасалған баяндамалармен қатар шараға қатысқан өңірдегі этномәдени ұйымдары өкілдерінің студент жастарға айтылған ойлары, өсиеттері зор әсер қалдырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Владимир Розметов өз отбасысы түрлі ұлт өкілдерінен бас қосқанын атап өтті. Бұл әулеттің ата-бабасы 1927 жылғы репрессия кезінде қазақ жеріне жер аударылып келген. «Менің әкемнің ұлты неміс, анам - қазақ қызы, қазақ, кәріс ұлтынан алған келіндерім бар, қазір 4 немеремді қызықтап отырмын», - деді кәсіпкер. Балаларының бары ауыл шаруашылығында еңбек етуде. Сол сияқты, Аққыстау селосынан «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев те отбасымен бірге мал және егіс шаруашылығымен айналысады. «Немерелерім оқудан босаған демалыс күндері қолдарына қамшыдан бастап кетпен-күрегіне дейін алып, шаруамен шұғылданады» деген кәсіпкердің сөзіне конференция қатысушыларының үлкені де жасы риза болды.
Бірлігіміздің ұйтқысы болған Ассамблея өзінің өміршіндігін дәлелдеді, іргелі институтқа айналды. Ассамблея дамып, оның кең алуан құрылымдықтары көбейіп келеді. Оның қазақстандық қоғамындағы орны ерекше. Еліміздегі барлық этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарады. Бірлік барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарының өзара ынтымақтастығы, әрекет ету, қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді.
Жыл сайын 1 мамыр дәстүр бойынша елімізде Қазақстан халқы бірлігі күні деп белгіленген мейрамы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары шақырылады. Биылғы 2022 жылы алдағы 28-29 сәуірде Ассамблеяның қатар XXX және XXXI сессиялары өтті. Қазіргі мемлекетімізде және қоғамыздағы жағдайда Президенттің саяси өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған жаңа саяси бастамалары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның қоғамдық құрылымдардың рөлі мен маңызы арта береді.
Ассамблеяның әрбір сессиясы Қазақстанның коғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Біздер Қазақстан халқы Ассамблеясымен байланысты адамдар үшін Ассамблея өміріміздің, қызметіміздің бөлігіне айналды. Бүған қатысты ой идеялар, жасалып жатқан істер шабыт, серпін беріп шығармашылық табыстарға жетелейді. Мемлекеттік этносаясаттың қағидаларын іске асыру, отаншылдықты, жалпыұлттық бірлікті, егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақтар үшін сақтау - бұл барлығымызға ортақ міндеттерді Ассамблеяның ғылыми сарапшылық қауымдастығы өкілдері ерекше сезінеді.
Қыдыралина Жанна Үркінбайқызы
ҚХА директоры, т.ғ.д., профессор
+7 701 450 80 21
kydyralina@mail.ru
Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы
▼
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты
Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
«Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығы
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты
▼ Табылдиев Хисмет Бозанұлы – (Атырау обл., Бақсай (Махамбет) ауд. № 18 ауыл (қазіргі Бесікті ауылы), 08.09.1936 ж.т.) өмірге келген. Атырау (Гурьев) қаласындағы Орджоникидзе орта мектебін, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының «Тарих, әдебиет және тіл» мамандығын 1962 жылы бітірген. Атырау (Гурьев) қаласындағы Орджоникидзе орта мектебінде мұғалім (1962–1963), Гурьев педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, факультет деканы қызметін атқарды (1963–1976). Сырттай оқу бөлімінің проректоры (1976–1991), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тұңғыш ректор-координаторы (1991–2000), облыстық мәслихаттың депутаттығына қатарынан үш мерзімге сайланған. Облыстық мәслихат депутаты ретінде марапаттау комиссиясын басқарған. Облыстық мәслихаттың хатшысы (2000–2004), облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары (2005), облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы (2001–2004). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық, қалалық ономастикалық комиссиясының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері.
«Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми – зерттеу институты 2020 ж құрылды.
ҒЗИ құрылымы:
- Әбіш Кекілбаевтың әдеби мұрасын зерттеу ғылыми орталығы
- «Мәңгілік ел» ғылыми - зерттеу орталығы
Ғылыми зерттеу институтының қызметтері:
ҒЗИ директоры - тарих ғылымдарының докторы Сапанов Сайфулла Жұмабайұлы.
ҒЗИ - дың мақсаты – Каспий өңірінің тарихын, археологиясын және этнологиясын зерттеу. Атырау облысының мәдени мұрасын, батырлардың, ақындардың, жыраулардың, ұлт - азаттық күрес көшбасшыларының, сондай-ақ мемлекеттік және саяси қайраткерлердің есімдерін тарихи аренаға қайтару.
ҒЗИ өз жұмысында «Атырау арыстары» ғылыми сериясын шығаруды көздейді.
«Атырау арыстары» сериялы кітаптардың Қоғамдық Кеңесінің құрамы:
• Кеңес Төрағасы: И. Тасмағамбетов
• Кеңес мүшелері: Ө. Әлімгереев, Ғ. Әнес, Ж. Арон, А. Ахмет, Т. Жаңабаев, К. Жылқышиев, Қ. Жүсіп, С. Идрисов, Б. Ізмұхамедов, М. Құлкенов, А. Мұхтар.
Редакцияның жұмыс тобы: т.ғ.д., профессор С.Ж.Сапанов, т.ғ.к., ғылыми қызметкерлер: Абдулов А, Каримов А, Қашқылдықов Қ.
ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
• 2017-2018 оқу жылында ғылыми-зерттеу орталығы "Атырау арыстары" сериясын шығаруды бастады. Ғылыми бағыт шеңберінде баспаға 9 ғылыми-публицистикалық монография дайындалды, оның ішінде: Халел Досмұхамедов, Мұрат Мөңкеұлы, Қизилман Шүреков, Мұқамедсалық Бабажанов, Бақтыгерей Құлманов, Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев және Нұрмұқан Жантөрин туралы ақпарттар бар.
• 2018 жылдың 25 қазанында "Мұрат Мөңкеұлы мұрасы және туған жер идеясы" Республикалық ғылыми-теориялық конференция аясында Орталық "Мұрат Мөңкеұлы" кітабын таныстырды / құраст. Сапанов С.Ж., Нуржанова А.М., Базаргалиев Г.Б., Даулетова А.Н. - Атырау: Атырау университеті, 2018. - 280 Б., фото.
Бүгінгі таңда басылымға келесі кітаптар ұсынылды:
М. Бабажанов / Құраст. Сапанов С.Ж., Нуржанова Ж. А., Бердыгожин Л. Б., Сабиров А. Р. - Атырау: Атырау университеті, 2018.Вып.300-с; Б. Құлманов / құраст. Ж. Бактар, С. Ж. Сапанов, А. М. Нұржанова, А. Қ. Ахмет. - Атырау: Атырау университеті, 2018.Вып..Б. 300, сурет.; Академик З. Қабдолов. / Сост. Сапанов С. ж., Жүсіп к., Нуржанова А. М., Абрахманова ж., Даулетова а. н. Атырау: Атырау университеті, 2018.Вып..Б. 334, сурет.; Салық Зиманов: академик, мемлекет және қоғам қайраткері / құраст . Сапанов С.Ж., Нуржанова А. М., Нығыметов Б. С., Турдалиев а. о.-Атырау: Атырау университеті, 2018. Вып..334 б., сурет; Ығылман Шөрекұлы / құраст . Сапанов С.Ж., Нұржанова, Т. Жаңабаев, Ғ. Базарғалиев, А. Дәулетова - Атырау: Атырау университеті, 2018. Вып. Б. 300, сурет.; Н. Жантөрин / Құраст . С. ж. Сапанов, Ж.А. Нұржанова, А. Р. Бекежан - Атырау: Атырау университеті, 2018.Вып..Б. 300, сурет.; Ә. Кекілбайұлы / Құраст . Сапанов С.ж., Жүсіп к., Нуржанова А. М., Бердыгожин Л., Нығметов Б. - Атырау: Атырау университеті, 2018.Б. 300, сурет.; Х. Досмұхамедов / Құраст . С.Ж. Сапанов, Т. Жавнабаев, Ғ. Базарғалиев, Ж. А. М. Нұржанова, А. Р.-Атырау университеті, 2018.Вып. 300.- С.
Ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің мақсаты - Атырау облысы аумағында тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерделеу, іргелі және қолданбалы сипаттағы археология мен этнография бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау және тарату, сондай-ақ оларға Қазақстан халқын тарту. Х. Досмұхамедов атындағы АтМУ орталық штаты профессор-оқытушылар құрамынан құрылған. Бөлімде 2 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы және 1 магистрант жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері ғылыми зерттеулермен, жинақталған деректерді зерттеумен, қорды жинақтаумен, облыс аумағында этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырумен, түрлі тақырыптарда көрмелер мен экспозицияларды әзірлеумен, танымдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен сабақтар өткізумен, этнографтармен, экологтармен, ғалым геологтармен, зергерлермен, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен кездесулер ұйымдастырумен және ғылыми-практикалық конференциялар өткізумен айналысады.
Мұрағат құжаттары:
Воронеж облысының (ГАВО) мемлекеттік мұрағатында Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтердің ісі бойынша жаңа материалдар табылды.
Алғашқы жарияланым:
Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғзи 2021 жылы Атырау облысы бойынша І-ші Халықаралық археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция атауы: «Қарақұдық, Талқұдық қорғандары» Жалпы қаржы мөлшері: 5 млн.теңге.
Экспедиция жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов С.Ж;
Нәтижелері:
- Атырау облысында алғаш рет сармат қорғандары жүйелі зерттелді;
- ІІ-VI ғ жататын сармат жауынгерлерінің тоналмаған қауымдары табылды;
- Экспедиция қорытындысы бойынша ерте темір дәуіріне жататын құмыра, қайрақ тас, қола жебелер, темір жебелері,ат-әбзелдері т.б. табылды.
Қарақұдық қорғаны, 2021 ж
Студенттер қазба жұмысында Экспедиция жетекшісі А.Зайнов қазба жұмысы кезінде 2021ж
Экспедиция мүшесі Г.Айдосынова студенттермен
- 2020 жылғы 06-11 қарашада т.ғ.д., профессор С.Ж. Сапанов, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Абдулов Орал қаласының облыстық архивіне «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ университетішілік «ХХ ғасырдың 20-40 жылдардағы Атырау облысының қоғамдық-саяси өмірі (тәркілеу, ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін)» ғылыми жобасын жүзеге асыру мақсатында іс-сапарда болды.
- 2021 ж 1 қазан ҒЗИ директоры Сапанов С.Ж. Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі және жаңа буын мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен марапатталды.
- 2021 ж 1 қазан ҒЗИ-дың ғылыми қызметкері Касенов М «үздік ғылым» қызметкері төсбелгісімен марапатталды.
- 2021 жылы 9-11 қыркүйекте ҒЗИ ғылыми қызметкері Абдулов А.Д Семей қаласындағы ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грантының «Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы» аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «1920 – 1950 жылдардағы Кеңестік саясат: жас тарихшылардың көзімен» тақырыбындағы жас тарихшылар форумына қатысты.
2022 ж ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Каримов А жастар саясатына қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталды.
Ғылыми зерттеу институтының директоры, т.ғ.д. Сапанов С.Ж 2022 ж 7 наурызында ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аты аңызға айналған «Дос- Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректорлар кеңесінің төрағасы, композитор Досым Қасымұлы Сүлеевтің 75 жылдық мерейтойына арналған арнайы іс-шараға қатысты.
- ҒЗИ - дың ұжымы 2022 ж 4 сәуірде Атырау қаласында «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты.
- ҒЗИ – дың жаңа басылымдары:
- Дюсенов М. С., Сапанов С.Ж., Абдулов А.Д. Абдрахман Айтиев: забытый герой Приуралья: Монография. – Атырау: НАО Атырауский университет им. Х.Досмухамедова, 2022. – 195 с. ISBN 978-601-262-470-0
- Сапанов С.Ж., Түркияның Орта Азиялық сыртқы саясатының стратегиялық векторы Монография. – Атырау: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ, 2021. – 120 б. ISBN 978-601-262-469-4.
- ҒЗИ ұйымдастырған ғылыми – тәжірибелік конференциялар:
1) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Кеңес Одағының батыры, Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жылтолуына арналған «Бауыржан Момышұлының аңызға айналған мұрасы» атты халықаралық онлайн ғылыми-әдістемелік конференциясы, 14 желтоқсан 2020 ж;
2) Көрнекті мемлекет және қоғам қайреткері, ұлт-азаттық қозғалыс көсемі, ғалым-энциклопедист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына арналған жас ғалымдарға, студенттер мен магистранттарға арналған «Әлихан Бөкейхановтың ұлы мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, 12 сәуір 2021 ж;
3) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және академик Х. Б. Табылдиевтың 85 жылдығына арналған
4) «Халықаралық қатынастар мен аймақтанудың өзекті мәселелері» І-ші халықаралық ғылыми онлайн халықаралық форумы, 30 қыркүйек 2021 ж;
5) «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі, аға мұғалім - Әсия Кәрімқызының 90 жылдығына арналған «Ұстаз мұрасы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы, 8 желтоқсан 2021 ж;
6) «Подвиг рабочих колонн» құжаттар жинағының онлайн презентациясы (Перм) 2022 ж 12 мамыр;
Әсия Кәрімқызы атындағы дәрісхананың ашылуы
Сапанов Сайфулла Жұмабайұлы
ҒЗО директоры, т.ғ.д.
+7 747 833 95 03
cefosh1@gmail.com