Қазақстандағы «арнайы контингенттің» күнделікті өмірі (ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдары)
Название монографии: Қазақстандағы «арнайы контингенттің» күнделікті өмірі (ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдары) Авторы: Хамидуллина Д.Ұ. Год издания: 2025 Место издания / Издательство: Атырау «ASU Press» ISBN : 978-601-262-609-4 Аннотация: Монографияда ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақстанда болған «арнайы контингенттің» күнделікті өмір тарихы мәселелері баяндалады. Ұлттық төл тарихымызды қалыптастыру негізіндегі теориялықметодологиялық ұстанымдар бойынша осы кезеңдегі саяси тұтқындар, еңбекке күшпен жұмылдырылғандар, арнайы қоныстанушылар, әскери тұтқындар, күштеп жер аударылғандардың күнделікті өмірі мұрағат құжаттары арқылы көрсетілген. Бай құжаттар және осы проблема бойынша жарияланған соны ізденістер негізінде жазылған монографиялық зерттеубілім алушыларға, барша өлке тарихына қызығатын оқырмандарға арналған •Ученая степень, звание: PhD доктор, қауымдастырылған профессор Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушысы (2013 ж.), Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі (2017 ж.) Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы (2020 ж бастап). ҚР Ғылым және Жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы (2024 ж.) және басқада мекемелердің Алғыс хаттарымен марапатталған, көптеген отандық және шет елдік ғылыми журналдарда мақалалардың, 1 оқу құралының, 1 монографияның авторы.