Ғылым

Қызуға төзімді құймалардағы көп өлшемді температуралық және бір өлшемді сызықтық емес жылу механикалық процестерді сандық модельдеу

09.12.2025 112

Название монографии: Қызуға төзімді құймалардағы көп өлшемді температуралық және бір өлшемді сызықтық емес жылу механикалық процестерді сандық модельдеу Авторы: Кенжегулов Б.З. Год издания: 2025 Место издания / Издательство: Атырау «ASU Press» ISBN : 978-601-262-596-7 Аннотация: Монографияда энергетикалық принцип негізінде шекті элементтер әдісін қолдана отырып, барлық мүмкін жылу көздері мен жылу изоляциясы есепке алынғандағы саңылауы бар үшөлшемді денелердегі температура өрісінің таралуының математикалық моделі жасақталған. Осы модель негізінде әр түрлі локальды шектік шарттар есепке алынған жағдайдағы көп өлшемді денелер үшін қойылған жылу өткізгіштік есептерін шешуге болатындай есептеу алгоритмі, әдіс және қолданбалы бағдарламалар кешені қарастырылды. Ғылыми жұмыс физика, математика, қолданбалы математика, машина жасау мамандықтарының студенттеріне, сондай-ақ құрылыс элементтеріндегі температура өрісінің таралу заңдылықтарын анықтау мәселелерімен айналысатын магистранттарға, докторанттарға, инженерлерге және ғылыми қызметкерлерге арналған. •Ученая степень, звание: Физика және математика ғылымдарының кандидаты (КД № 067270; 16.09.1992), математика доценті (ДЦ №0002458, 11.07.1997), техника ғылымдарының докторы (ФД № 0001138, 30.09.2010). 05.13.00-мамандығы бойынша профессор (ПР № 0000629, 13.07.2011). Публикации: 200-ден астам ғылыми мақаланың, 4 монографияның (оның ішінде 1 монография Scopus базасында жарияланған), 12 оқулық пен 5 электрондық оқу құралының авторы. Сондай-ақ 5 авторлық куәліктің иегері. Соңғы бес жылда жарық көрген оқу құралдары мен монографиялар қатарында: «Numerical Modeling of Multidimensional Temperature and One-Dimensional Nonlinear Thermomechanical Processes in Heat-Resistant Alloys» (монография, 2021), «Физикалық процестерді математикалық пішіндеу» (оқу құралы, 2020), «Комбинаторика және математикалық статистика элементтері» (оқу құралы, 2023), «Оқушылардың іскерлік дағдыларын есеп шығару және заманауи сайттарды қолдану арқылы дамыту» (оқу құралы, 2023), «Тригонометриялық функциялар, теңдеулер, теңсіздіктер және олардың қолданылуы» (оқу құралы, 2024), «Қызуға төзімді құймалардағы көп өлшемді температуралық және бір өлшемді сызықтық емес жылу-механикалық процестерді сандық модельдеу» (монография, 2024), “Micro-credentials at Scale: A Competency-based Model for Continuous Teacher Development / Digital Support for Teachers’ Professional Development” (монография, Technology Center, 2025). Және соңғы жылдағы мақалалары бойынша 5 мақаласы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (ЖАК) тізіміне енген басылымдарда, 6 мақаласы — Scopus базасындағы журналдарда, ал 15 ғылыми еңбегі — шетелдік басылымдарда жарияланған.