Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы

30.10.2025 485

1968 жылы 12 қантарда Гурьев облысы (қазіргі Атырау), Құрманғазы ауданында, Ганюшкино ауылында дүниеге келді.

Білімі - жоғары.

1985 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, оны 1990 жылы үздік бітіріп, игерген кәсіби біліктілігіне қарай жолдамамен Құрманғазы ауданындағы М.Ломоносов атындағы орта мектебіне мұғалім болып жіберілді.

1992-1994 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 1994-1995 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметтерін атқарған.

1995 жылы қыркүйек айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне «Педагогика» кафедрасына оқытушы болып ауыстырылып, 1998 жылдап бастап аға оқытушылыққа өтіп, қазіргі уақытта кафедрада қауымдастырылған профессоры міндетін атқарып келеді.

2004 жылдың 27 наурызында 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін БД 14.61.02. біріккен диссертациялық кеңесінде «История развития народного образования казахов Астраханской области (І половина ХІХ начало ХХ века)» атты тақырыпта диссертация қорғап, 15 қүркуйекте 2004 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2003-2005 жылдары аспирантура бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2010-2012 жылдары Тіркеу бөлімінің бастығы,

2012-2013 жылдары Академиялық саясат және оқу үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2013-2018 – Педагогика және Психология факультетінің деканы

2018 ж наурыз айннан бастап - Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор лауазымында жұмыс істеп келеді.

2016 жылы ҚР БжҒМ «ЖОО Ұздік оқытушы-2016» грантын ұтып алды.

Қазақстанның барлық қалаларында біліктілікті арттыру курстарына қатысып сонымен қатар шетел мемлекеттерінде де Франция, Португалия қалаларында біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарына ие болды. 

Марапаттары: ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2017 ж), Облыс әкімі Алғыс хатымен (2016 ж.), жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» (2018ж) белгісімен, университет ректорының грамотасымен (2016 ж.) марапатталған.