Дюсегалиев Мухит Жоламанович
Аты-жөні: Дюсегалиев Мухит Жоламанович
Ғылыми атақ-дәрежесі: Ауыл шаруашылығы докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Кафедра Экономика Ғылыми зерттеу жұмысының бағыттары Ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығы Жетістіктері 1999 ж. - Алматы қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді «Қазақ қой шаруашылығы-технологиялық ҒЗИ»-нің жанындағы Д.55.36.01 кеңесінде «қоңыр түсті қаракөл қойларының тобын құру» кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 ж. - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанындағы ғылыми диссертациялық кеңесте «Қазақтың сур түсті тұқым ішілік, қаракөл қойының селекциялық әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады. Әлеуметтік-экономикалық, ауыл шаруашылығы мәселелер бойынша 200-ге жуық мақалалары шетелдік басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық конференция материалдарында, ЖАК басылымдарында жарияланды; Магистранттардың диссертацияларына ғылыми жетекшілік етіп келеді, 6М050600-Экономика мамандығы бойынша магистранттарды дайындады; «Экономика» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етіп, республикалық олимпиадаларда номинацияланды; Жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестациялау комиссия жұмыстарына қатысты; 2016 жылы Жангир хан атындағы Батыс Қазақстан техникалық университетінде PhD докторлардың аттестациясының комиссия төрағасы болып жұмыс атқарды; Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ауыл шаруашылығы кооперациясы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Шетелдік басылымдарда, халықаралық, республикалық, аймақтық конференция материалдарында, ЖАК басылымдарында 160 ғылыми еңбек жазды, 3 - өндіріске ұсыныс иегері, 3 ғылыми жоба жарияланды; 1 ғылыми кандидатын, 16 экономика ғылымдарының магистрін дайындады.
Марапаттары: Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемелекеттік университетінде, 160 ғылыми еңбектің, 3 - өндіріске ұсыныс иегері, 3 ғылыми жоба және 1 ғылыми кандидаты, 16 магистр дайындағаны үшін ғылым және білім саласындағы сіңірген еңбегін бағалап: 2008 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, 2009 жылы Қалмақ халқының өз еркімен Ресей құрамына кіруіне 400 жыл толу медалімен, 2010 жылы "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен, 2014 жылы Ауыл шаруашылығы кәсіподағының 1-ші дәрежелі "Еңбек Даңқы" төс белгісімен, 2015 жылы "Ауыл шаруашылығы министрінің құрмет грамотасы"; 2015 Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Тілдерді меңгеруі Қазақ, орыс, ағылшын Негізгі еңбектері 1999 ж. - Алматы қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді «Қазақ қой шаруашылығы-технологиялық ҒЗИ»-нің жанындағы Д.55.36.01 кеңесінде қорғалған «Қоңыр түсті қаракөл қойларының тобын құру» кандидаттық диссертациясы. 2009 ж. - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жанындағы ғылыми диссертациялық кеңесте қорғалған «Қазақтың сур түсті тұқым ішілік, қаракөл қойының селекциялық әдістерін жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясы.
e-mail: mukhit-65@mail.ru